Өлең, жыр, ақындар

Мамыр бiттi

  • 16.08.2021
  • 0
  • 0
  • 212
Мамыр бiттi,
маусым келдi.
Сезiлмейдi ақ таңнан сыз.
Мен естиiн даусыңды ендi,
Петербордан хат жазған қыз.
Қызықтырып тарттың менi –
Әлде дақпырт-атағы ма...
Петербордың ақ түндерi
Тұр ма орнап шаһарыңа?
Өлеусiреп жанған оттар...
Тынып барша жаратылыс...
Мүлгiп үйлер, ғимараттар,
Нева баяу...
қала тыныш...
Ай жоғалған...
Уақыт бөтен.
Шолпан да жоқ таңда туар.
Ақ түн деген –
...бақыт па екен?
Ақ түн деген –
...арман шығар.
Ал бiздiң түн тым қараңғы,
Көлiктiң көп көштi легi.
Көңiл шiркiн мұңға оранды,
Әуен талып естiледi.
Бiздiң қала от шашты мың,
Елегiзiп, бақтым да ерек –
Алатаудың ақ бас шыңын
Ай сүйгенiн ақ түн бе деп.
Құрбым, солай жыр арнағам,
Ұйықтағым жоқ елден кейiн.
Ақ түнiңдi жiбер маған,
Таңға дейiн серуендейiн...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сыбаға көрiп кеңдiгiн көптiң

  • 0
  • 0

Сыбаға көрiп кеңдiгiн көптiң,
Құры кеудемдi тiреу ғып,
Әңгүдiктiгiмдi ерлiгiм деппiн,
...Неғылсын менi шын ерлiк.

Толық

Бұзылған үй

  • 0
  • 0

Құпиясын, қазынасын көп күннiң,
Кеш те болса сезiнгiм кеп, кеп бiлгiм,
Бұзылған үй,
бүгiн сенiң орныңа,

Толық

Мына өмiр серуен десек те

  • 0
  • 0

Мына өмiр серуен десек те,
Дәл қазiр қызықтан алыспыз.
Купеде, үстiңгi төсекте,
Ұйықтап жатыр бiр орыс қыз.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар