Өлең, жыр, ақындар

Бәлкім

Көргенімнен сүйіп келем қиясыз.
Сүйіп келем шексіз, шетсіз, риясыз.
Білсеңіз ғой қандай ғажап екенін,
білмейтін де, сияқтысыз бірақ сіз.

Биігінде болдым бала сезімнің,
Естелігі сенсің, сүйген кезімнің.
Сенсің әлем, сенсің бала арманым,
Бәлкім сені сол үшін де таңдадым.

Адаммын мен сүю үшін жаралған,
Жүрегімде бөлшектелген тарамнан.
Менің жаным емделуге келмейді,
Қан өтпейді тіпті қатқан жарамнан.

Сен едіңғой асау сезім айдыны,
Көңілімнің құрсаудағы байлығы.
Саған қалай ғашық болып үлгердім.
Қайда, қашан, қай күні?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз