Өлең, жыр, ақындар

Қайырлы болса қалған күн

  • 05.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1731
«Қаламға бүгін мүнәпас!
Жаз, – дейді досым – қысылмай.
Қиынға көз тік, құлақ ас,
Далаңның қыран құсындай».
Несіне мұның дау айтам,
Тура деу керек тураны.
Толғанып өтті талай таң
Тағы бір Уақыт туралы.
Әрине, бүкіл жаныммен
Құптаймын мүнәпастықты.
Жырлар ем қандай жалынмен,
Қайырып берсе жастықты!
Жастықтың отпен желіне
Қай жерде, қашан қанған кім?
Өгізі болып жегілем,
Қайырлы болса қалған күн.
Жүрем мен оны жүз қорып,
Келсін тек пісіп толғағы.
Сүймей-ақ қойсын қыз болып,
Кемпірімдей күтсе болғаны.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қазақстан көктем

  • 0
  • 6

Жылжыды уақыт. Туды күн
Жыл кұсы, көктем оралар.
Бу шалып түннің түндігін,
Қар басын қағып қар алар:

Толық

Мұңыңнан қанықтаршы, Абай, мені

  • 0
  • 0

Қайран Абай, сендейсіз жесір өлең.
Кереметіңді кеш білсем, кешір, ием.
Ұлылығын тұлғаңның ұққан сайын
Мен түскі көлеңкедей кішірейем.

Толық

Күйзеліс

  • 0
  • 0

Өтті-кетті отты жаз – бақыр аптап.
Түстес биыл бақырмен ақырап та.
Оққа ұшқандай құлайды қаңғалақтап,
Қызыл жирен тат басқан жапырақтар.

Толық

Қарап көріңіз