Өлең, жыр, ақындар

Өмір, өмір...

  • mendi
  • 12.11.2018
  • 0
  • 0
  • 4636
Өмір, өмір... пианино секілді..
Ақ пен қара алмасып кіл жататын.
Қуанғанда көңіл шат боп, ағарып,
Қайғырғанда қара жолақ басасың...
Әппақ перне-қуаныш, бақ, махаббат,
Қанаттанып, көкке ұшады көңілің.
Қара перне-қайғы мен мұң бар азап,
Құралады екі түстен өмірің..,
Тыңдау үшін тірліктің шын әуенін,
Екеуін де алма-кезек басасың...
Біз жасаған амал- нота дәптердей,
Әр парағын ауыстырып ашасың...
Өмір-жалған тақпай жатыр кімге сын,
Бір қуанып, бір қайғырып жүрерсің...
Қайғыру да бәлкім бір сәт дұрыс қой,
Қуану мен шаттануды білгесін!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз