Өлең, жыр, ақындар

Күйзеліс

  • 05.10.2020
  • 0
  • 0
  • 2607
Өтті-кетті отты жаз – бақыр аптап.
Түстес биыл бақырмен ақырап та.
Оққа ұшқандай құлайды қаңғалақтап,
Қызыл жирен тат басқан жапырақтар.
Қоңыр күз жоқ күндері шұғылалы.
Жаураған жел жағаңа тығылады.
Сылбырайды бүрісіп райхандар,
Жанарынан таң шығын сығып әлі.
Бақта бұлбұл, көп болды, сайрамайды
Қош айтқан ғой оның да қайран айы.
Даңғырлатып төпейді радиодан
Құйқылжуға тиісті «Дайрабайды».
Тас төбеден басады қарасұр бұлт.
Демін ішке тартқандай дала сұрғылт.
Әлденеге зарығып қара торғай,
Шырылдайды әуеде алас ұрып.
Шылымдатқан көк түтін барша қала.
Жасыл түсін бұзбаған арша ғана.
Меңзең, селсоқ қарайды дүние маған,
Дүние менен, мен одан шаршағандай.
Жұдырыққа сиғандай жер, кеңістік.
(Шыққан сірә көңілдің желкені істен).
Кеше ғана сүйікті жыр жолдары
Бүгін шылғи жалғандай жиіркенішті.
Дейді жат үн: – енді сен алаңдама
Табиғатқа, аңға да, адамға да,
Кебіндей боп бозарған қағазға да,
Құлпытастай шаншылған қаламға да.
Қайда, қайда соларға қарсы дауым?
Жоқ жүректе қиқуға жаршы дауыл.
Көшкен бұлттың кейде бір арасынан
Жылт береді аспанда сарша қауын...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қара балаға

  • 0
  • 0

Қара бала, қақың бар,
Қандай кінә тақсаң да,
Самғай алмай ақындар,
Жүрміз кейде ақсаңдап.

Толық

Айттым сәлем

  • 0
  • 5

Мен өзгеше жазамын,
Мен өзгеше назамын.
Көтеремін сен үшін
Жер-дүниенің азабын.

Толық

Жол туралы аңыз

  • 1
  • 4

Жеткізген бұл бір аңызды
Көктемнің жүйрік желі ме?
Тасқын ой қайдан ағызды,
Таратты кімдер еліме?

Толық

Қарап көріңіз