Өлең, жыр, ақындар

Мұңыңнан қанықтаршы, Абай, мені

  • 05.10.2020
  • 0
  • 0
  • 2547
Қайғысыздан сақ бол,
Қайғылыға жақ бол.
Абай.

Қайран Абай, сендейсіз жесір өлең.
Кереметіңді кеш білсем, кешір, ием.
Ұлылығын тұлғаңның ұққан сайын
Мен түскі көлеңкедей кішірейем.
Құдай саған ат берді, ас та берді,
Болмасаң да, ми берді бастар елді.
Махаббат та жыршысын мүсіркейді,
Мұрагер боп қаншама жастар өрді!
Қақ айырып қырық жамау жүрегіңді,
Қазағым деп, жұртым деп, жыр егілді.
Озбырлықты кешпедің әкеңе де,
Әділеттің арман боп бүр-егіні.
Ала болса бір тәнде бас, қол, тілек,
Жанымызға от, жүрекке тас бол дер де ек!
Сенде ала жоқ, ыза, мұң, ізгілік боп
Жырларыңда тұрғандай жас мөлдіреп.
Мен жүріппін қолда жоқ ай, күнге алаң
(Жоқты да бар дегізді қай күн маған).
Даналығың, дырлығың өз алдына.
Өре жетпес биіктей қайғың маған.
Ауыс қылшы демеймін таланыңнан.
Өзге Абайды таба алмас дала мыңнан.
Жұғар ма екен жырыма, қанықтыршы
Жұртым деген қайғыңнан, дана мұңнан.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мен – қазақпын

  • 1
  • 54

Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген.
Жөргегімде таныстым мұң тілімен
Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

Толық

Ана сөзі

  • 1
  • 1

Дүбірлетіп дауылдай
Долы майдан даласын,
Азат етті әскерлер
Бір белорус қаласын.

Толық

Жесір тағдыры

  • 0
  • 0

Бағында бал гүлі нұр, бұлбұлы жыр,
Болсаң сен Алматының тұрғыны бір,
Күміспен апталғандай аппақ әже
Көзіңе түскен шығар бір күні бір.

Толық

Қарап көріңіз