Өлең, жыр, ақындар

Абыз аға

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 956
(Дүйсенбі Әріпұлына)

Абыз аға, асыл аға ел сүйген,
Дауыл кешіп ерліктермен есейген.
Сәуле шашып бар маңайға ақ таңдай,
Өн бойыңа қайрат жігер күш берген.
Намысымен кеуделерге от беріп,
Аянбастан халық үшін тер төгіп.
Қай кезде де қызырың боп қорғаған,
Қате басып жасамасқа пенделік.
Әрдайымда ойлағаны ел қамы,
Ел бірлігі мақсат қылған арманы.
Қуанады самғай ұшса жас қыран,
Алты Алаштың мақтан тұтқан тарланы!
Болса дағы ұшан теңіз еңбегі,
Ол ешкімге мен толдым-деп, көрмеді.
Дауылдарға кеуде керіп шалқиып,
Сескенбестен маңдай термен гүл өрді.
Ақылменен ізгілігін асырып,
Бар адамға тілегені жақсылық.
Адалдықтың туын оған бабалар,
Сенім артып кеткендей-ақ тапсырып.
Бақ дәулеті тұрғанымен басында,
Кішілігі әрдайымда қасында.
Түсінгенге кісіліктің ауылы,
Сабырлықпен тіл қатады осында.
Қыдыр көрген Назар бабам өзіндей,
Келешекті ойлай білген көз ілмей.
Ой салады көпті көрген абызым,
Маңғыстаудың тауларымен егіздей.
Бөлек, бөлек таулы жердің сарыны,
Иесіндей биік келер арлы үні.
Көкте ойнаған нажағайдан от алған,
Бабалардан айнымаған айбыны.
Ізгілігі толы өнеге тәлімге,
Қандай бақыт қарияң болған төріңде.
Қазынамнан айырма –деп, жалынып,
Жалбарынып қол жаямын Тәңірге!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Халқының ұлы перзенті

  • 0
  • 0

Даналықпен серік қылып пәк арды,
Заманының қайсар өжет адамы.
Қызыл тұман құрсауында адаспай,
Жасай білдің болашаққа қадамды.

Толық

Шәкәрім

  • 0
  • 0

Әлемге нұрдан құйған өшпес жарық,
Құрандай жаттаған соң жырын халық.
Бұл өзі Құнанбайдың ұрпағы-деп,
Қалмады қыр соңынан ізін бағып.

Толық

Жағалбайлы Тайлақ батыр

  • 0
  • 0

Бабасын еске алмайтын ер болама,
Оралда Сырым ауыл жол жағында.
Еріксіз көз тартады ескі зират,
Соқпауың мүмкін емес бұл араға.

Толық

Қарап көріңіз