Өлең, жыр, ақындар

Шәкәрім

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 817
Әлемге нұрдан құйған өшпес жарық,
Құрандай жаттаған соң жырын халық.
Бұл өзі Құнанбайдың ұрпағы-деп,
Қалмады қыр соңынан ізін бағып.
Аңдыған ГПУ-ның құлақтары,
Қолжазба кітаптарын мың ақтарды.
Ішінде тек әділет ардың жолы
Терең ой даналық жыр бар тапқаны.
Қалайда сөгу үшін ел іргесін,
Қазбалап қазақ-түрік шежіресін.
Ұрпағы білмеу керек тарихын-деп,
Лақтырып отқа жақты өшіккесін!
Адамның құлыптаған ойын тіпті,
Көріппе-ең мұңдай сұмдық зұлымдықты.
Жаламен құрық салып ұстау үшін,
Ақынға қарсы қойған тағылықты.
Жетуге өркениет нұрлы асуға,
Адамзат туыс болып сырласуға.
Сөйлеткен Европаны ана тілде,
Данаға болама екен құм шашуға!?
Жоқ, жоқ түсінбеді көкжалдарың
Қанына тойынбастан абзалдардың.
Қылығын жалғастырып арандатқыш,
Мойнына жүктеп алды қан базарын.
Қарамай әділетті иман жүзге,
Келместен құлақ түріп ақыл сөзге.
Қашқынмен хабарласып жүрген жау-деп,
Құлдыққа жықты талап суық күзде.
Көмілді тарихым да, шежірем де,
Шер жұтып қасиетті өскен елде.
Басында ұрпақтары тұрды өксіп,
Бас иіп елім- деумен өткен ерге
Сездірмей ыза кегін еш пендеге.
Шындықтың келешекке жолын іздеп,
Айналды түп атасы Көк Бөріге!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақмешіт

  • 0
  • 0

Өшкені қайта жаңарып,
Үн тастап иман, асыл ән.
Ағылып жатыр сан халық,
Мешітке жаңа ашылған.

Толық

Ғұламасы елінің

  • 0
  • 0

Өзіңді айтсам Жетісуда тасыған,
Бар өзендер бір арнаға қосылған.
Есіміңді сен қайталап дауыстап,
Жалғастырып ғасырлардан, ғасырдан.

Толық

Алаш ұраны

  • 0
  • 0

Біз қазақ жасампаз елі бар,
Ер Түрік тегінен таралған.
Алаш боп киелі ұраны,
Азаттық таңы үшін тау жарған.

Толық

Қарап көріңіз