Өлең, жыр, ақындар

Ойдың құрбаны

Үлкен үміт артып шуақ таңдарға,
Армандамай жүре алатын жан бар ма?
Күліп тұрып жылататын жалғанда,
Адамдар көп жете білген арманға.

Өміріңнен жүрген сәтте торығып,
Көңіліңе демеу болар сол үміт.
Қиялыңа қанат салып бересің,
Бақытыңа қалатындай жолығып.

Шат болуға,меніңше,бар екі айла,
Олар:«бақыт» деген жолда атойла,
«Бақыт, әсте, бұйырмайды бәріне»,
Бұл сөз маған айтылмаған,-деп ойла.

Қиял құшу бір құмарлық мен үшін,
Дәл осылай толысады өрісім.
Өз ойының құрбаны екен, адамзат–
Көреді екен өз ойының жемісін.

Не нәрсеге қанық болса бойымыз,
Солай болмақ көптен күткен тойымыз.
Жайыңызға тимес үшін жамандық,
Ойыңызға жүген салып қойыңыз.
Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз