Өлең, жыр, ақындар

Жағалбайлы Тайлақ батыр

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1602
Бабасын еске алмайтын ер болама,
Оралда Сырым ауыл жол жағында.
Еріксіз көз тартады ескі зират,
Соқпауың мүмкін емес бұл араға.
Тебіреніп бас иесін ойға батып,
Ер болып өткен алып тұлғаларға!
Қамауға құмар болған қалың жауы,
Осында Бекежанның ер Тайлағы.
Көтерген күмбездерді қирап қалған,
Елімді азат етіп бұғаудағы.
Самал жел беттен сүйіп жеткізгендей,
Бабамнан қалған өрлік ұранды әнді!
Ер еді-ау қиындықта дабыл ұрған,
Аңырақай шайқасында жауды қырған.
Айбынды күші жүздің қолын бастап,
Жоңғардан жеңіс туын алып тынған.
Үн түнсіз жатыр бұл күн мәңгі ұйқыда,
Көгінде қыран еркін қалықтаған!
Ой салар өзіндей боп көріпкелдің,
Тылсымды мұндай ғажап көріп пе едің.
Жазғандай қанатымен сол қырандар,
Бабамның арман қылған үміттерін.
Сенемін ұрпақтары қайталар деп,
Ата-даңқ естен кетпес ерліктерін!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

1937 жыл

  • 0
  • 0

Қанды шеңгел тырнағы,
Қалың елге қол салып.
Бар байлығын тонады,
Өн бойынан қан сасып.

Толық

Көтібар батыр үні

  • 0
  • 0

Бодандықтың бұйдасына шаталып,
Көрдік ұлым адам көрмес қаталдық.
Өшпесін-деп, дінің,тілің ай-күнің,
Мәңгі майдан күресіне атандық!

Толық

Басшы ата үні

  • 0
  • 0

Біздер мұнда бесеуміз, ақын балам,
От дауылда қас жаумен алқымда алған.
Алысқанбыз туған ел намысы үшін,
Денемізде сау жер жоқ шарпылмаған.

Толық

Қарап көріңіз