Өлең, жыр, ақындар

Химиялық реакция типтері

Атырау облысы, Махамбет ауданы, Сарайшық ауылы
Қ.Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебінің
Химия пәні мұғалімі, директордың ғылыми-істер жөніндегі орынбасары
Жексенбаева Гилым Куановна

Пәні: химия

Мұғалімі Жексенбаева Гилым Куановна                

Тақырыбы

Химиялық реакция типтері

Мақсаты:

Химиялық реакция типтеріне тоқтала отырып, оқушылардың реакция теңдеулерін жазып, теңестіріп, оны айтып беру дағдысын дамыту.

Жалпы мақсат

Қосылу, айырылу, орынбасу, алмасу реакциялары туралы жалпы тусінік беру. Оқу үрдісінде химиялық реакцияның типтерін химиялық теңдеулері бойынша ажырата білуге, талдауға, салыстыруға үйрету

Күтілетін нәтиже

Оқушылар химиялық реакция типтерін біледі. Зат массасының сақталу заңына сүйеніп, химиялық реакцияларды бастапқы және алынған заттардың белгілері бойынша бірнеше түрге бөлінетіндігін түсініп үйренеді, есеп шығаруда рекция теңдеулерін пайдаланып, қолдана алады.

Түйінді идеялар

Химиялық теңдеу, реагент, өнім, коэффициент, химиялық реакция типтері: қосылу, айырылу, орынбасу, алмасу

Қолданылатын әдіс тәсілдер

Миға шабуыл, Сәйкестендір, Бос орынды толтыр, «Джигсо әдісі»

Қолданылатын ресурстар

Нұсқаулық карточкалар, А-3-4 қағаздар, маркерлер, стикерлер.

Сабақ барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

І.Ұйымдастыру кезеңі

 

Сыныпта психологиялық ахуал орнату.

 

 

 

 

Топқа бөлу.

 

 

 

5 ережесін еске түсіру

Оқушылар сабаққа дайынбыз ба?

 

 

 

 

«Атом», «Молекула» әдісімен топқа бөледі.

І топ «Атом»

2 топ «Молекула

3 топ «Реакция»

4 топ «Элемент»

 

5 ережесін еске түсіреді, ережені орындау.

Бәрі хормен:

«Дайынбыз,

біз ұйымшылмыз,

біз ұқыптымыз,

біз - ынталымыз,

біз - жақсы оқимыз,

біз - оған қол жеткізе аламыз» деп жауап береді.

Оқушылар орындарынан тұрып, әрі бері жүреді, атом дегенде 1-ден жүре береді, молекула дегенде 2-ден бірігеді, келесі молекула дегенде 4ден бірігіп, сол біріккен  оқушылар топ құрады.

Оқушылар: тәртіп, тазалық, тыныштық, талап, татулық.    

Смайликтер арқылы

ІІ. «Қайталау-оқу айнасы» өткен сабақты еске түсіру.

«Қауырсын» әдісі арқылы интерактивті тақтада көрсетілген сұрақтарға мұғалім ұсынған қауырсынды алып, жауап береді.

Оқушылар берілген сұрақтарға кезектесіп жауап береді, сұрақтар бойынша секе түсіріп, жауаптарды талдайды.

«Басбармақ» арқылы

«Жұппен жұмыс»

«Тапқыр болсаң тауып көр» бос орынды толтырып, теңестір.

Топтарға берілген карточка бойынша берілген реакция теңдеулеріндегі қалдырылған бос орындарды толтыру.

Мысалы:           ...+Н2 =   Cu+H2O

                         Na+…=  Na2O

Оқушылар 2-ден бірігіп, реакция теңдеулерін толықтыру, коэффициенттерін қояды.

«Бағдаршам» арқылы

ІІІ.Мағынаны ашу»

«Джигсо әдісі» арқылы

Оқушылар «Джигсо әдісі» арқылы жаңа материалдарға байланысты ресурстар беру, өз беттерімен оқулықпен жұмыс жасату. Постер арқылы тақырыптарын қорғату.

1 топ  Қосылу реакциясы

2 топ  Айырылу реакциясы

3 топ  Орын басу реакциясы

4 топ  Алмасу реакциясы

Оқушылар мәтінді оқып шығып, топпен талқылып,бір біріне түсіндіреді, бір оқушы шығып, постер қорғайды.

«Басбармақ» арқылы

Сергіту сәті «Қағып ал» ойыны

«Қағып ал» ойыны. Мұғалім допты 1 әріпті айтып, оқушыға лақтырады, оқушы сол әріптен басталатын химиялық элемент атауын айтып, метал, бейметал екенін айтады.

Мысалы: м-мыс, метал, к-күкірт, бейметал, и-иод, бейметал, с-сынап, метал.т б

 

Қолдану «Сәйкестікті тап»

Берілген химиялық реакция теңдеуін аяқтап, реакция  типтерін анықтап, сәйкестендір.

Реакция теңдеуі

Реакция типтері

AgNO3+ HCl=

айырылу

СаСО3

Орын басу

Cr2O3+Al=

Қосылу

H2O → H2 + O2

алмасу

Mg+O2=

 

 

Кестедегі сәйкестікті тауып, нәтижесін тақтаға шығып жазып көрсетеді.

Жинақтау. Шығармашылық жұмыс.

1. Қабылдауы төмен оқушымен жұмыс. Берілген формуланы оқы. Формуланың сандық сапалық құрамын сипатта. MnO2  Al2O3   Na2SO SO3

2. Дарынды оқушымен жұмыс.

Салыстырмалы атомдық массасы 65-ке тең элементтің хлормен қосылысының салыстырмалы молекулалық массасын тап.

Оқушылар берілген тапсырмаларды тақтаға  орындайды.

Талдау. Тірек сөздер арқылы

Оқушыларға мәтін бойынша бір тірек сөз жазу тапсырылады.

Әр оқушы тақырып бойынша тірек сөздер жазады, соған оқулықты пайдаланып, өз дәлелін қосып, түсінік береді.

Қол шапалақтау.

Рефлексия:

«3:2:1» әдісі

«3:2:1» әдісі

- сабақта есіңде қалған 3 негізгі ұғым

- сабақта болған сен үшін қызықты 2 жағдай.

- жаңа сабақ бойынша 1 сұрақ

Оқушылар кері байланыс арқылы өздерінің сабақтан алған әсерлерін, ұсыныс, тілектерін айтады.

 

Мұғалім сыйы.

Видеокөрсетілім: «Қызықты химиялық реакциялар»

 

 

Үйге тапсырма:

§15   В-5,6  С1 (3,4)

Үй тапсырмасын жазып алады.

 

Бағалау.

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.

 

Жиынтық бағалау.


Пікірлер (3)

Балжан

тест жақсы құрастырылған екен.

Ақжан

Өте жаксы құрастырылған

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз