Өлең, жыр, ақындар

Химия ғажайыптары

Ақтөбе қаласы
"Облыстық туберкулез-санаториясы мектеп-интернат" КММ-сінің
Химия пәні мұғалімі Туркпенбаева Салтанат Алибеккызы

Тақырыбы: «Химия ғажайыптары»

Мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін көрсете білуге, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, ой-өрістерін дамыту.  Тәжірибе жасай отырып, пәнге баулу.

Көрнекіліктер: плакаттар, нақыл сөздер, периодтық жүйе, ыдыстар.

Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі біздің химия пәнінен сыныптан тыс ұйымдастырылып отырған «Химия ғажайыптары» атты білімділер сайысына қош келдіңіздер!

Химия – қиында қызықты пән. Оның қиындығы бастауышта 42 әріпті жаттасақ, химияда 110 элементті жаттаймыз, реакция теңдеулерін жазып үйренеміз. Ал қызықтысы әр түрлі тәжірибе жасаймыз.

Химия- жыр әніміз, шаттанамыз,
Табысын пайдаланып, мақтанамыз.
Кең байтақ кенге толы – Қазақстан
Қойнауы алтын-күміс, жатқан аңыз, -дей келе  сайысқа қатысушы топтармен таныс болайық.

1 –топ «Металдар» тобы- 8 класс

2-топ «Бейметалдар» тобы- 9 класс

         Бүгінгі сайысымыз  мынадай кезеңдер арқылы өтеді.

Сайыс жоспары:

1 кезең  «Ойлы болсаң,озып көр» - әр топқа сұрақтар беру.

2 кезең «Мықты болсаң,тауып көр» - химиялық формуланы айту.

3 кезең «Жүйрік болсаң, шауып көр» - мақал, жұмбақтар шешу.

4 кезең «Зерек болсаң, шешіп көр» -  химиялық есептер шығару.

5 кезең «Химик -сараман» - тәжірибелер көрсету

6 кезең «Сен білесің бе?» қызықты мәлімет

 

Жүргізуші: Сайыстың әділ бағасын беріп, сайыскерлерімізді бағалайтын қазылар алқасымен таныс  болыңыздар

 1. ____________________________________________________

 2. ____________________________________________________

 3. ____________________________________________________

 Олай болса, сайысқа түсушілерге сабырлық пен жеңіс тілейміз.

Химия ғылымдардың бұл төресі,
Оза алмайды жарыста тар өресі.
Біліміңді көрсетер кезің келді
Басталмақшы кезеңіміз келесі –дей отырып

1-кезең. «Ойлы болсаң,озып көр»- әр топқа сұрақтар беру. Әр жауап -1 ұпай.

 

8 класс «Металдар» тобы

1. Сілтілік металл (натрий)
2. Периодтық кестенің авторы (Д.И.Менделеев)
3. Калий перманганатының басқаша атауы (марганцовка)
4. Зат мөлшерінің өлшем бірлігі (моль)
5. Қай элементтің жетіспеуі тіс ауруына ұшыратады (фтор, F)
6. Сау адамның асқазанында қандай қышқыл бар (тұз қышқылы, HCl)
7. Аспен келетін тамаққа дәм беретін зат (ас тұзы, NaCl)
8. Азот қышқылының тұздары қалай аталады? (нитраттар)
9. Сұйық металл (Сынап, Hg)
10. Найзағайлы жаңбыр кезінде электр разрядтары тотыққанда түзілетін газ (озон)
11. Екі газдан тұратын ең қажетті сұйық зат (су)
12. Бірінші рет сутекті таза күйінде алған кім? (Г. Кавендиш)
13. Алғашқы көмекке пайдаланатын бейметалл (йод)
14 .Ауаның құрамындағы ең көп элементтер (азот, оттек)
15. Қышқыл, сілті ертінділерінде түсін өзгертетін заттар (индикатор)
16. Сүйекті қаптайтын элемент (Кальций)
17. Қандай элементтер материктердің атымен аталады (европий, амерций)
18. HNO3 қандай заттың формуласы (азот қышқылы)
19. Химиялық таңбаның алдына қойлатын цифр? (коэффициент)
20. Мыстың латынша аты? (купрум)
21. Валенттілік қалай бөлінеді (тұрақты айнымалы)
22. Периодтық жүйе неше топтан тұрады (8)
23. Реакция кезінде сіңірілетін немесе бөлінетін жылу мөлшері (жылу эффектісі)
24. Оттектің салыстырмалы атомдық массасы (16)
25. Ток желісінде қолданылатын металдар (Cu/Al)

9 класс «Бейметалдар» тобы

1. Ас содасының формуласы (NaHCO3 натрий гидрокарбонаты)
2. Ең қиын балқитын металл (вольфрам)
3. Сиыр, жылқы сүтінің құрамында болатын қышқыл (сүт қышқылы)
4. Суда ерігенде немесе балқығанда иондарға ыдырау процесі (электролит, диссоциациялану)
5. Қандай элементтер космоста көбірек таралған (сутек пен гелий)
6. Қандай металл адам қолында балқиды (цезий)
7. Консерві қалбыры жасалатын металл (қалайы)
8. Металдар патшасы қай металл? (алтын)
9. Кернеу қатарын ұсынған кім? (Бекетов)
10. Атомның планетарлық моделін ұсынған қай ғалым? (Э.Резерфорд)
11. Бір заттан екі немесе бірнеше заттар алу (айырылу реакциясы)
12. Ортофосфор қышқылының формуласы (Н3РО4)
13. Қандай элемент алдымен күнде, содан соң жерде ашылды (гелий)
14. Сіріңкесіз қалай от жағуға болады (ақ фосфор арқылы)
15. Қандай метал болашақтың металы деп аталады (алюминий)
16. Фосфор элементі қашан ашылды, кім ашты (Гамбург химигі Г.Бранд, 1699ж)
17. Мұхит суында кездесетін элемент? (марганец)
18. Ең қаттты минерал? (Алмас)
19. Зат құрамының тұрақтылық заңын ашқан ғалым (Ж.Л Пруст)
20. Қоршаған орта факторларының әсерінен металдардың бүлінуі  (жемірілу, коррозия)
21. Күкірт неше валентті  (2/4/6)
22. Көмір қышқылның тұздары қалай аталады (карбонаттар)
23. Аккумулятор ішіндегі металл  (Pb)
24. Аккумуляторға құятын қышқыл  (H2SO4)
25. Оттек латынша қалай аталады (оксегениум)

Жүргізуші:

Тыңайтқыш молайған соң ауылымда,
Дән өсті туған өлке сауырында
Ішсең ас, кисең киім, үй жиһазы,
Химия дәру болған болған сауығуға – келесі кезең

2 кезең «Мықты болсаң, тауып көр» - химиялық формуланы оқу.

Химиялық формуланы оқылуы және атауы. Әр жауап 1 ұпай

«Металдар» тобы

Na2SO4, HCl, CaCO3,  СuSO4,  BaCI2,  HNO3, Р2О5,  NaNO3,  MgO, H2SO4

«Бейметалдар» тобы

FeSO4,  ZnCl2, KNO3, NaCl, NaOH, BaSO3, H3PO4, Na3PO4, Al2O3, H2S

 

Жүргізуші:

Химия – ел ырысы, ғасыр үні,
Ғылымға қазіргі зор басын иді.
Талай жыл адамзатқа жұмбақ болған
Ашылды табиғаттың жасырыны-дей келе келесі кезең

 

3 кезең «Жүйрік болсаң, шауып көр» - мақал, жұмбақ шешу. Әр топқа төрт мақал, 4 жұмбақ оқылады. Аяқталмаған мақал, аяқтау керек және де  химиялық атауын атау керек. Жұмбақты да шеше отырып, химиялық атауын атау керек. Әр жауап 1 ұпай

А) Мақалдарды аяқта

8 кл Металдар тобы

1. Ескі мата сөз болмас, ескі ТЕМІР  біз болмас. (феррум)

2. Қойдың сүті-  ҚОРҒАСЫН ( плумбум)

3. От көмір жейді, тот ТЕМІР  жейді. (феррум)

4. Арпа бидай ас екен, АЛТЫН –КҮМІС  тас екен. (аурум, аргентиум)

9 кл Бейметалдар тобы

5. Шебердің қолы АЛТЫН, шешеннің сөзі  АЛТЫН. (аурум)

6. Аз сөз алтын, көп сөз  КӨМІР. (Це)

7. ТЕМІР  тоттанып тозар. (феррум)

8. Ағаш кессең ұзын кес қысқартуың оңай, ТЕМІР кессең қысқа кес ұзартуың оңай. (феррум)

Ә)  Жұмбақты шеш

8 кл

1. Өзім газбын, менімен демаласың, 

Жоқ болсам ауа жетпей қиналасың.   

           ОТТЕК, ОКСИГЕНИУМ   -O2

2. Шыдасаң да алты күн ассыз мүлде,

Шыдау қиын бұл затсыз екі күнге.

         СУ,    -  H2O

3. Адам мен жануардан бөлінеді,

Өсімдіктін торына ілігеді.   

      КӨМІРҚЫШҚЫЛ ГАЗЫ -CO2

4.  Ең жеңіл элемент саналады,

   Периодтық жүйе осыдан басталады.

        СУТЕК, АШ – H

9 кл

1. Осы затпен ескі үйді аластайды,

Түсіне қарасаң, алтынға ұқсайды.       

 Эс – S - күкірт

2. Ол болмаса астың дәмі кірмес,

Кім бар екен ортада оны білмес.

        АС ТҰЗЫ, - NaCL

3. Машина мен трактордың жаны,

Қара металлургияның наны.  

         ТЕМІР - Fe

4. Өзі ауыр металға жатады,

Балалар осы металл құйған сақамен атады      

    ҚОРҒАСЫН, ПЛУМБУМ - Pb

4 кезең «Зерек болсаң, шешіп көр» -  химиялық  есептер шығару. Әр жауап 5,4,3 ұпай

1 топ «Металдар» тобына

1. Реакцияны аяқта:

2Mg+O2=2MgO

Fe+H2SO4=FeSO4+H2

CuO+H2SO4=CuSO4+H2O

2. Берілген өнімнің молярлық массасын тап:

BaSO4 = 137+32+16*4= 233

NaNO3=23+14+16*3=85

FeCl2=56+35*2= 126

2 топ «Бейметалдар» тобына

1. Реакцияны аяқта:

4P+O2=2P2 O5

2Ca+2H3PO4 = 2CaPO4+3H2

FeO+2HСl=FeCl2+H2O

2. Берілген өнімнің молярлық массасын тап:

H2PO4=1*2+31+16*4=97

MgCO3=24+12+16*3=84

KOH=39+16+1=56

Жүргізуші:

Жайна да гүлден жер, қия,
Көңілге шабыт-нұр құя
Молшылық көзі-химия
Тылсым ғылым бұл - химия!

5 кезең «Химик - сараман» - тәжірибелер көрсету.

8 класс «Металдар» тобы:

  1. Жанбайтын орамал

9 класс «БейМеталдар» тобы

     1. Ацетонның қасиеті

Жүргізуші:

Жайна да гүлден жер, қия,
Көңілге шабыт-нұр құя
Беделің артып өркенде
Аймақты қамтып химия,
Өркенде, шалқы химия! – дей келе келесі кезең

6 кезең «Сен білесің бе?» - үй тапсырмасы. Қызықты мәліметтер жинақтау. Бағалауы: 5, 4, 3 ұпай

8 класс «Металдар» тобы

9 класс «Бейметалдар» тобы

Жүргізуші:

Жұлдызды боп туғандар аз өмірде,
Болғанымен әркімнің де көңілінде.
Дарындылық адамзатқа жарасқан,
Ұтып алған алқа тұрса өңірде


«Химия ғажайыптары» кешінің қорытындысын айту үшін сөз қазылар алқасына беріледі. (Әділ қазылар құттықтап болғаннан кейін)

Жүргізуші:

Құтты болсын ұтып алған бас бәйге,
Сіздер үшін бұл әлі де жас бәйге.
Алла оңдап, халқың қолдап әрқашан
Ала берің жарыс сайын бас бәйге, - деп бүгінгі жеңімпаздарды құттықтаймыз.

- Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет. 

- Сау болыңыздар!

БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ

КЕЗЕҢДЕР

«Металдар» тобы

8 класс

«Бейметалдар» тобы

9 класс

І  кезең. «Ойлы болсаң, озып көр» - сұрақ-жауап. Әр жауап 1 ұпай

 

 

ІІ кезең. «Мықты болсаң, тауып көр» -формулалар. Әр жауап 1 ұпай

 

 

ІІІ кезең. «Жүйрік болсаң шауып көр» - есептер шығару. 5,4,3 ұпай

 

 

ІV кезең «Зерек болса, шешіп көр» - жұмбақ, мақал. Әр жауап 1 ұпай

 

 

V кезең. «Химик -сараман» - тәжірибелер көрсету. 5,4,3 ұпай

 

 

 

VІ кезең. «Сен білесің бе?» қызықты мәліметтер айту. 5,4,3 ұпай

 

 


Пікірлер (2)

Нағима

Ең жеңіл элементтің атын айтыңыздаршы білсеңіздер алдын ала рахмет

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз