Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (3) Өлеңдер (9) Мақал-мәтелдер (5) Ұлағатты сөздер (4)

Француз, орыс һәм өзге жұрттың тарихынан көрінеді: молда үкіметтей ақша алса - сатылып кетеді. Рухани іс аяқ асты болады. Жалақы алған молдалар үкіметке жетекшіл болып, еріп кетеді.

Ілмектер: фрнацуз, орыс, жұрт, тарих, ақша, үкімет Әлихан Бөкейханов

Бізде болыс көп сайлаған болмай, бөтен елден орыс жетелеп әкелген бұралқы болды.

Ілмектер: сайлау, орыс, нақыл, афоризм Әлихан Бөкейханов

Орысты ренжiтсең Мәскеуге шабады, қазақты ренжiтсең қайда шабады? Өзiңнiң алдыңа айналып келедi, Асанбай. Орыстың артында тұрған Мәскеуi бар. Қазақтың артында Мәскеуi жоқ, қазақтың Мәскеуi - бiздермiз Асанбай, қолыңнан келгенше қазақты жылатпауға тырыс, қорлыққа берме. Қорлыққа көнген халық зорлыққа да көнетiн иiсалмас, ынжық болып кетедi. Ұлт өзiнiң мүддесiн өзi қорғай алатын дәрежеге жетуi керек. Кезiнде қазақтың жанын сақтап қалсақ екен дедiк қой..., бiз ол дәуiрден өттiк. Ендi қазақтың рухын, намысын сақтауымыз керек.

Д. А. Қонаевтың Асанбай Асқаровқа айтқан сөзi

Ілмектер: қазақ, намыс, рух, орыс, ұлт Дінмұхамед Қонаев

Қарабайыр Мəскеу патшалығы — қазір де орыс рухына өзгеше сай келетін жалғыз форма.

Ілмектер: орыс, рух, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер