Өлең, жыр, ақындар

Жел энергиясының артықшылықтары мен кемшіліктері

ОҚО Шардара ауданы Шардара қаласы
№16 колледж
Э-45 топ студенті Тұрған Ербол Райымбекұлы
Жетекшісі: Э-45 топтың өндірістік оқыту шебері Алипов Қалмахан           

 

Жел энергетикасы  — жел энергиясын механикалық, жылу немесе электр энергиясына түрлендірудің теориялық негіздерін, әдістері мен техникалық құралдарын жасаумен айналысатын жаңартылатын энергетиканың саласы. Ол жел энергиясын халық шаруашылығына ұтымды пайдалану мүмкіндіктерін қарастырады. Елімізде арзан электр энергия көздерін іздеу мақсатында, “Қазақстанда 2030 жылға дейін электр энергиясын өндіруді дамыту туралы” мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, жел күшімен өндіретін электр энергиясы қуатын халық шаруашылығына қолданудың тиімді жолдары қарастырылуда. Қазақстанда жел күшімен алынатын электр энергиясы қуатын кеңінен және мол өндіруге болады.
Жел энергиясы әлемде
2015 жылдың басындағы деректер бойынша барлық жел генераторларының қуаты – 369 гигаватт.
 
2010 жылы әлемнің барлық жел генераторларымен өндірілген электр энергиясының мөлшері – 430 терраватт-сағат (жер шары өндірген электр қуатының 2,5%-ы).
Кей елдер жел энергетикасына ерекше белсенділікпен дамытуда, атап айтқанда Дания жел генераторларының көмегімен барлық электр қуатының 40%-ын өндіреді; Португалия – 23%; Испания – 16%; Ирландия – 14%; Германия – 8%. Ал Қазақстанда – 0,5%.
2014 жылдың желтоқсанында Шотландияда жел энергетикасы үй шаруашылықтары тұтынатын электр қуатының 164%-ын қамтамасыз етті.
2009 жылдың мамырында әлемнің 80 елі жел энергетикасын коммерциялық мақсатта қолдана бастады.
2010 жылғы деректер бойынша Еуропада жел электр станцияларының 44%-ы шоғырланған, Азияда – 31%, Солтүстік Америкада – 22%.

Жел энергиясының артықшылықтары мен кемшіліктері
Бір де бір ғылым саласы, өндіріс, мамандық тек жағымды немесе тек қана жағымсыз факторлардан тұрмайды. Әдетте әр заттың жақсы-жаман тұстары болады. Ендеше, жел энергиясының плюс-минустарын қарастыра кетейік.

Артықшылықтары:
•    Шикізатты сатып алу-тасымалдаудың, қалдықтарды шығарудың қажеті жоқ;
•    Электр қуатын беруші компаниялардан дербестік қамтамасыз етілген;
•    Ластаушы қалдықтар жоқ;
•    Табиғи ресурстар үнемделеді;
•    Отын, электр қуатының шығындары қысқарады;
•    Атмосфералық жылулық балансқа әсер етпейді;
•    Табиғаттың оттек қорын сақтайды;
•    Желдің кинетикалық энергиясын электр қуатына тегін айналдырады.

Кемшіліктері:
•    Жел қондырғыларының жұмысы эфир кедергілерін тудырады;
•    Пайда болатын шу адамның және жануарлар әлемінің денсаулығына кері әсерін тигізеді;
•    Жұмыстың тұрақсыздығы, энергияның берілуі бір қалыпты емес;
•    Үлкен аумақты қажет етеді;
•    Қымбат.

Жел энергиясы Қазақстанда
Қазақстанның жел энергетикасын дамыту әлеуеті өте жоғары. ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен БҰҰ-ның даму жөніндегі бағдарламсының ұсынған мәліметтеріне жүгінсек, еліміздің потенциалы мыңдаған МВт немесе жылына 1 триллион кВт-сағ көлемінде – бұл дүние жүзі бойынша үздік көрсеткіштердің бірі.

Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Казахстанская электроэнергетическая ассоциация. Комитет по Возобновляемым Источникам Энергии windenergy.kz
2. Программа по развитию электроэнергетики Республики Казахстан на 2010 – 2014 годы.
3. Национальная Программа развития ветроэнергетики в Республике Казахстан до 2015г. с перспективой до 2024г.
4. Шефтер Я.И, Использование энергии ветра. 2-е изд. перераб. и доп. М.: Энергоиздат, 2013. 200 с.
5. Бетц А. Энергия ветра и её использование посредством ветряных двигателей: Пер. с нем. / Под ред. Д.М. Беленького. Харьков, 2013. 53.
6. Трофимов А., Маринушкин Б., К генеральной схеме развития ветроэнергетики Казахстана. М.: Журнал «Энергетика», Алматы. 2012.
7. План действий по развитию альтернативных и возобновляемых источников энергии в Республике Казахстан в 2013-2020г.г., Самрук-зеленый.
8. Ғаламтор желісі https://kk.wikipedia


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (3)

ҺҺҺҺҺҺ

Өте керемет сайт.

адина

керемет

Я Мадара Учиха

Круто

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз