Өлең, жыр, ақындар

Барлыбек Сыртанов және әйел теңдігі

Барлыбек Сыртанов – алаш қайраткері, заңгер, публицист, дәрігер-ғалым, шығыстанушы, қазақтың алғашқы Конститутциясының авторы. Әлихан Бөкейхановтың досы, құрдасы. Әлихан Бөкейхановтың құпия тапсырмасымен 1911 жылдың 3 маусымынан  Барлыбек Сыртанов қырықтан асқан шағында, өзінің түберкүлез екеніне қарамастан, құпия түрде Ресей астанасындағы бай кітапханаларда басқа елдердің құқықтық құжаттарын зерттей отырып қазақтың алғашқы конститутциясын жазып шығады. Осы конститутцияның екінші тармағы «Адам баласының хұқы туралы», яғни әйел теңдігі. 10,11,12 бабтарында: Қазақ елінде адам баласының бәрі тең хұқылы. Дініне, қанына, тегіне, нәсіліне қарап адамды қорлауға жол жоқ. Адам тек закон һәм құдай алдында жауап береді. Қазақ елінде адам балалары бостандықта, теңдікте һәм бақытты өмір сүруге хұқы бар. Қазақ елінде ер адам мен әйел теңді. Қазақи ерекшеліктер әйелдерді қорламайды, әйел келісімімен іске асады. Қазақ елінде адам баласының еркін сөйлеуге, ұйым құруға һәм партияларға кіруіне тиым жоқ деседі. Барлыбек Сыртанов көптеген өз мақалаларында әйел құқығы жайлы, теңдігің жазып отырған. Оған дәлел айқап журналына, газеттерге жазған мақалалары дәлел. Соның бірі «Замана шалдар» мақаласы.

Барлыбек Сыртанов және Алаш көсемдері әрдайым әйел теңсіздігін қолдап,оны ылғида алға тартып отырған. Көп әйел алуға қарсы шыққан,саясатта әйел мен еркек тең деген. Сонау жүз жыл бұрынғы мәселенің әлі күнге дейін жалғасын тауып жатқаны өкінішті. Қазіргі қоғамда болып жатқан әйелді ұру, жеке басына қол салу, әлеуметтік желілерде отырып  кімнің не кигенің талқылап отыратыңдар осыдан жүз жыл бұрынғы ағаларының тырнағына да татымай қалғаны қыңжылтады. Егер осындай ұлы тұлғаларымыз қолдағанда, бізге неге қолдамасқа.

ҚазҰУ- дың  1 курс студенті, Маханов Даниал

Ғылыми жетекші: Фил.ғ.к., доцент Р.С. Жақсылықбаева


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз