Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу

Мақалалар (6) Өлеңдер (22) Ұлағатты сөздер (5)

Жақсыға айтқан сөзiң ем болады,
Ақылы надандардың кем болады.
Жамандарға насихат айтқан сөзiң,
Жаңғырыққан шорменен тең болады.

Ілмектер: сөз, жақсы, ақыл, надан, кем, жаман, насихат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Орынды зіркілдеу — сабақ, орынсыз зіркілдеу — азап. Орынды зіркілдеу жастарды дұрыс жолға, орынсыз зіркілдеу бұрыс жолға салады.

Ілмектер: сабақ, азап, жастар, насихат, зіркілдеу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Тән секілді... мінездің де әуреті бар. Орынсыз ашулана беру — мінездің әуретін ашып, адамды абыройсыз етеді. Ашуланшақ адамға, Аллаһ та ашуланады. Ашу қысқан жүз — жын қысқан бейнені елестетеді. Баламызды, шәкіртімізді айқаймен емес, сабырмен тәрбиелеуді нәсіп етсін!

Г. Қасенбай
11.06.2023

Ілмектер: Ұлағатты сөздер, насихат, ғибратнама, ойлар...

​ ​ ​ ​ Ашу-ыза,​ кек,​ уайым,​ ауру-сырқау,​ мұң-қайғы, өсек, қызғаныш, ұрыс-керіс​ төменгі жиілікте,​ жерге жақын толқында болатындықтан,​ жылдам орындалады.​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Қуаныш, шаттық,​ бақыт, Аллаһқа құлшылық, шүкіршілік, дұға,​ тілек жоғары жиіліктегі толқында болатындықтан,​ жоғары көңіл-күйдің адамдарын өзіне тартып,​ тілек-қалаулары жылдам орындалады - дейді кванттық физиканы зерттеуші ғалымдар.​ ​ ​ ​ ​ ​
Айналадағы адамдарға көз салыңызшы... Бақытты қайыршы көрдіңіз бе?​ Неге кедейлердің басым бөлігі үнемі ашулы,​ айналасына өкпелі,​ ренішке оранып алған? Үнемі әлдекімнен әлденені күтіп, болмаса ұрыс шығарып,​ я болмаса өсек тасып жүреді? Өйткені кедей адамның кедейлігі санадағы тарлықтан,​ кешіре алмаудан,​ қызғаныш пен қорқыныштан бастау алады.​ ​ ​ ​ ​ ​
​ Ешкімге ренжімей,​ ешкімнің сөзіне мән бермей, тек өзін дамытып, өз ісіне мықты болған жандар — бақыт пен байлықтың магнитіне айналады екен. ​ ​ ​ ​ ​

​ (Бүгінгі күнге арналған қорытынды) ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ 17.06.2023

Ілмектер: Ұлағатты сөздер, насихат, нақыл сөздер.