Өлең, жыр, ақындар

Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Майлықожа Сұлтанқожаұлы қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Қызылқұм жерінде туып өскен. Әкесі Сұлтанқожа мұсылманша сауатты, шағын дәулетті, көзі ашық, діндар адам болған. Майлықожа әкесінің үйретуімен сауат ашып, кейін өз бетімен көп ізденіп, заманына сай білімді алған.

Майлықожа әке-шешесінен 14 жасында жетім қалып, жоқшылық, мұқтаждық көп көрген. Ержете келе жаттап өлең айтып, өнер жолына түсу арқылы елге танылады.

Ол 20 жас шамасында өлең өнеріне бет бұрады. Ел ақындарымен кездесіп, кейін өзінің сауатын кеңейтіп, шығыс әдебиетін оқуға, оның кейбір үлгілерін жаттап айтып, таратуға қол жеткізеді. Майлықожа 1860 жылдары Сырдан қазіргі Таразға келіп, Сыпатай батырдың асында Сүйінбаймен кездесіп, онымен сөз қағыстырған. Бұл жыр бірінші рет 1929 жылы «Жаңа әдебиет» журналында басылды. Майлықожаның кейбір толғаулары 1883 жылы Ташкентте шыққан «Қырғыз хрестоматиясы» атты жинақта жарық көрген. Олар - «Райымқұлға», «Қасқыр», «Ноғай мырзаға», «Үш жігіт».

Кейбір деректерде Майлықожа Сұлтанқожаұлының өмір сүрген жылдары 1835-1898 деп берілген және оның Сарыағаш ауданында туғаны туралы мәлімет бар.


Өлеңдері Нақыл сөздері

Жақсыға айтқан сөзiң ем болады,
Ақылы надандардың кем болады.
Жамандарға насихат айтқан сөзiң,
Жаңғырыққан шорменен тең болады.

Ілмектер: сөз, жақсы, ақыл, надан, кем, жаман, насихат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Жақсы әйел - жігіттің кесектен соққан кентіндей,
Сары майға былғаған алуа, шекер, жентіңдей.

Ілмектер: әйел, нақыл, афоризм Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Жаман әйел көп ұйықтар.

Ілмектер: жаман, әйел, ұйқы, нақыл, афоризм Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Көпті көрген ер жігіт - көсем болар төселіп.

Ілмектер: көсем, нақыл, афоризм, жігіт Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Әлемге толса көкірек - ашылар кезі сананың.

Ілмектер: көкірек, сана, нақыл, афоризм Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Өңкей жаман қосылса — шығарады егесті,
Мәмілемен іс бітер, бас қосып қалса көп есті.

Ілмектер: жаман, іс, мәміле Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Бақ пен дәулет тең келсе, адамның толар кемелі.

Ілмектер: бақ, дәулет Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Тумақ — сүннет, өлмек — парыз.

Ілмектер: өмір, адам, өлім Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Атыңа батса алтын ер — атып ұр да, отқа жақ,
Ынтымақ-үлгі іздесең — қариясы басшы топқа бақ.

Ілмектер: ынтымақ, үлгі, қария Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Андысқан мына дүниеде - біреуге-біреу табашы.
Жігіттің бағы қайтады - ағайын-жұртын алдаса.

Ілмектер: дүние, өмір, туыс, ағайын, алдау Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Бақ қонады ұл таңдап,
Қонақ қонар үй тандап.
Болымы жоқ бозбала,
Бейнеттен қашар бұлтыңдап.

Ілмектер: бақ, ұл, қонақ, бозбала, бейнет Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Бағың барда, жігіттер, - тоқталып, сірә, іркілмес,
Жұрт қарасын қызығып, бәрекелді деп шіркінге.

Ілмектер: өмір, жұрт, жігіт Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Көңіл - мейман дүниеге.

Ілмектер: көңіл, мейман Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Сабыр - ақылдың серігі.

Ілмектер: сабыр, ақыл, серік Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Жаман әйел – жігіттің тайдырады табанын,
Тар қылады заманын.
Жақсы әйел – жігіттің жақсы қылар жаманын,
Ұшқыр қылар шабанын.

Ілмектер: жаман, әйел, жігіт, заман Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Алғаның жаман жолықса:
Үйіңнің іші шаң болар,
Ісіңнің бәрі қам болар.
Сол әлімен тұрмайды,
Киім таңдап паң болар.
Әңгіме, жаңжал қоздырар,
Өзгеден өзін оздырар.
Жиынға киер жібекті,
Тезек теріп тоздырар.
«Қай жеріңнен тойдым» деп,
«Не көрсетіп қойдың» деп,
Тағы өзіңді жазғырар.

Ілмектер: әйел, киім, жаман Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Жаман болса әйелің – арманда өтер өмірің,
Артылғандай есекке.

Ілмектер: жаман, әйел, есек, өмір, арман Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Бақ пенен дәулет тең келсе, адамның толар кемелі.

Ілмектер: бақ, дәулет, байлық, адам, кемел Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Дәулет те біреуден көшіп, біреуге қона береді.

Ілмектер: дәулет Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Тіл – өткір найза.

Ілмектер: тіл, өткір Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Қарап көріңіз