Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (36) Өлеңдер (17) Мақал-мәтелдер (175) Ұлағатты сөздер (106) Әзіл, анекдоттар (1)

Ғылыммен, өнермен және ғасырлар бойы өмiр тәжiрибесiмен толыққан ақыл күштi де жеңедi.

Ілмектер: ғылым, өнер, ғасыр, өмір, тәжiрибе, күш, жеңіс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Виссарион Белинский

Тұмсықтының тамағы,
Шоқу менен табылар,
Өнер-бiлiм дегенiң,
Оқуменен табылар.

Ілмектер: өнер, оқу Ыбырай Алтынсарин

Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған.

Ілмектер: өнер, білім Ыбырай Алтынсарин

Қаламгерлер мен өнер адамдары — халық айнасы.

Ілмектер: Қаламгер, өнер, халық, айна, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ханбибі Есенқарақызы

Халық жасаған бір өнерді жоғалту, сол халықтың денесінен бір мүшесін жоғалтумен бірдей емес пе?

Ілмектер: халық, өнер, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Өнер — киелі нәрсе. Оның құлы болған кісі ешкімге бағынбайды.

Ілмектер: Өнер, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ханбибі Есенқарақызы

Талант деп өнері мен ақылын қоса іске асыра алатындарды айтамыз.

Ілмектер: Талант, өнер, ақыл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ханбибі Есенқарақызы

Ұлттық салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды, мәдениетімізді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін — әдебиет, өнер, адамдары.

Ілмектер: салт-дәстүр, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ұлт, ұрпақ, әдебиет, өнер, адам, мәдениет Ханбибі Есенқарақызы

Әдебиет адам өнерінің ішіндегі ең ұзақ жасайтындарының бірі.

Ілмектер: Әдебиет, адам, өнер, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Өнер ертеден-ақ халықтың өмір — тіршілігін, күресі мен жақсылыққа деген арман — үмітін бейнелей отырып, халықтың сана-сезімін дамытуда ерекше мәні болған.

Ілмектер: Өнер, өмір, халық, арман, үміт, сана, сезім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Болған оқиғаны шын мәнінде болған күйіндегідей етіп суреттеу, көрсету — бұл тұрпайылық, үстірттік емес, бұл да өнер.

Ілмектер: өнер, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Сәулет өнері — тастан қаланған саз.

Ілмектер: сәулет, өнер, тас, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, саз Иоганн Вольфганг фон Гёте

Ұдайы еңбек ету — өнердің де, өмірдің де заңы.

Ілмектер: еңбек, өнер, өмір, заң, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Оноре де Бальзак

Жақсы адам болу өнері — нені ойламау қажет екенін білу.

Ілмектер: жақсы, адам, өнер, ой, туралы Нарша Булгакбаев

Ғылымсыз өмірдің мәні жоқ, өнерсіз өмірдің сәні жоқ.

Ілмектер: ғылым, өмір, өмірдің мәні, өнер, сән, туралы Нарша Булгакбаев

Математика да — өнер: оның өз стильдері мен стильді кезеңдері бар.

Ілмектер: Математика, өнер, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, стиль, кезең Освальд Шпенглер

Өнер туындысы дегеніміз — əлдебір шексіздік: оған бүкіл əлем сиып кетеді.

Ілмектер: өнер, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, шексіздік, әлем Освальд Шпенглер

Өнер туындысының да жаны болады.

Ілмектер: өнер, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Өнер жолы шалыс бассаң шұңқыр, аңдап бассаң төрге сүйрер ұлы жол.

Ілмектер: өнер, қанатты сөздер Арсен Дюсенбаев

Жарасымдылық идеалы — сəулет өнері немесе мүсін өнері, ал олардың мəні — уақытты жоққа шығаруда жатыр.

Ілмектер: сәулет, өнер, мүсін, уақыт Жорж Батай