Эссе және өлең-жыр байқауы

Оноре де Бальзак

Бальзак (Balzac), Оноре де (20.5.1799, Тур — 18.8.1850, Париж) — француз жазушысы. Париж заң мектебін бітірген (1819) әрі Сорбоннада әдебиет жөнінде лекция тыңдаған. Алғашқы жарық көрген шығармасы — “Кромвель” трагедиясы (1920). Бальзактың есімі “Шуандар” (1829) атты тарихи романымен белгілі болды.


Туындылары Нақыл сөздері

Кітап — коллективтік тәжірибе. Ұлы кітаптардың жиырмасын оқыған кісі ұлы өмірлердің жиырмасын бастан кешті деген сөз.

Ілмектер: кітап, өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Оноре де Бальзак

Рухында болашаққа ұмтылған жағдайда ғана кітап өміршең болмақ.

Ілмектер: кітап, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, рух, болашақ Оноре де Бальзак

Пасық адам өте-мөте шебер көлгірсиді.

Ілмектер: пасық Оноре де Бальзак

Өзінің осалдығын білген — ең құдіретті кісі.

Ілмектер: осалдық Оноре де Бальзак

Темекі тәнді зақымдайды, ақыл-ойды күйзелтеді.

Ілмектер: темекі, тән, ақыл, ой Оноре де Бальзак

Жұбайлар бір-бірінің мінезін зерттеп білмей некенің бақытты болуы екіталай.

Ілмектер: неке, бақыт, отбасы Оноре де Бальзак

Ерте ме, кеш пе — әйтеуір есесі қайтпайтын адал еңбек атымен болмақ емес.

Ілмектер: еңбек Оноре де Бальзак

Азаматтық ерлік пен жауынгерлік ерлік бір негізден тарайды.

Ілмектер: ерлік, азамат, жауынгер Оноре де Бальзак

Махаббатта ең сорлысы — қария.

Ілмектер: махаббат Оноре де Бальзак

Неке тағдыры алғашқы түннен-ақ шешіледі.

Ілмектер: неке, тағдыр Оноре де Бальзак

Сұрау белгісі (?) – барлық ғылымдар кілті.

Ілмектер: ғылым, ғылым туралы нақыл сөздер Оноре де Бальзак

Ұлт тағдыры – Аналардың қолында!

Ілмектер: ұлт, аналар туралы нақыл сөздер, ұлт туралы нақыл сөздер Оноре де Бальзак

Махаббат – ақымақ үшін ақыл тоқтатуға керемет мүмкіндік.

Ілмектер: махаббат туралы нақыл сөздер, махаббат Оноре де Бальзак

Аузы жабылмайтын адамның ішінде түк те жоқ.

Ілмектер: ақылды адам, ақымақ адам, адам туралы нақыл сөздер Оноре де Бальзак

Әйелге әмірін жүргізе білген – мемлекетті де басқара алады.

Ілмектер: әйел, мемлекет басқару, басқару туралы нақыл сөздер, әйел туралы нақыл сөздер Оноре де Бальзак

Шындық дәмі, ащы бірақ денсаулыққа пайдалы сусынды еске салады.

Ілмектер: шындық, шындық туралы нақыл сөздер Оноре де Бальзак

Ана жүрегі тым терең, сол тереңдіктен сіз кешірім таба аласыз.

Ілмектер: кешірім, ана туралы нақыл сөздер Оноре де Бальзак

Әлсіздігін мойындай білген адам - мықты.

Ілмектер: әлсіздік, мықты адам, әлсіздікті мойындау, адам туралы нақыл сөздер Оноре де Бальзак

Әйел мен еркек арасында достық болмайды, көңілдестік болмаса.

Ілмектер: әйел мен еркек, қыз бен жігіт туралы нақыл сөз Оноре де Бальзак

Ана көрегендігінің теңдесі жоқ.

Ілмектер: ана Оноре де Бальзак