Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (83) Өлеңдер (167) Жоспарлар (2) Мақал-мәтелдер (114) Ұлағатты сөздер (45) Әзіл, анекдоттар (6)

Таңдарлық қыз әрі есті, әрі сұлу болуы керек емес пе? Сұлулығы жеңсе, есінен айрылып қалатын, естілігі жеңсе, сұлулығынан айрылып қалатын қыздар аз болмайды, естілігі толыққан сайын сұлулығы да толыға беретіндері де болады.

Ілмектер: қыз, сұлулық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, естілік Ғабит Мүсірепов

Анаң жақсы, қызың жақсы — әйеліңе не болған.

Ілмектер: ана, әйел, қыз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сайын Назарбекұлы

Қыз атын қызыққандар шығарады.

Ілмектер: қыз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сайын Назарбекұлы

Көзі жеткен шындыққа ара түспеу — кісілікке мін.
Шырылдап жатқан әлсізге ара түспеу — жігіттікке мін.
Үйретері жоқ болса — үлкендікке мін.
Кешірімі жоқтық — адамшылыққа мін.
Дана сөзін елемей шала сөзін демесе — елдікке мін.
Баласынан жерісе — аналыққа мін.
"Бақа бастысын" сыйламаса — әйелдікке мін.
Шаңырақ көтере алмаса — еркектікке мін.
Жасы жетпей марқайса — ұлға мін.
Жасы жетпей сарғайса — қызға мін.
Жерінен елі жерісе — патша міні.
Жұрты жалаңаш, өзі тоқ — әкім міні.

Ілмектер: мін, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, шындық, әлсіз, кешірім, дана, ана, бала, әкім, патша, ұл, қыз, сыйлау, еркек, әйел Сайын Назарбекұлы

Неке дегеніміз — міндетті түрде бойжеткен қыздың əйел рөлін ойнауға толық мойын ұсынуы емес.

Ілмектер: неке, міндет, бойжеткен, қыз, әйел, мойын ұсыну Альфред Адлер