Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (1) Өлеңдер (6) Мақал-мәтелдер (5) Ұлағатты сөздер (12)

Тегіс тексер сөз көрсең сыр мен сынын,
Түзетуге именбе - тапсаң мінін.

Ілмектер: сөз, мін, өсиет Шәкәрім Құдайбердіұлы

От - түтінсіз болмас, жігіт - мінсіз болмас.

Ілмектер: от, жігіт, мін Махмұд Қашқари

Өз мініңді көруден, басқаның мінін көру оңай.

Ілмектер: кемшілік, мін Ғабит Мүсірепов

Қазақта жазылмайтын бір ауру бар –
Келмейді мінін айтсаң жаратқысы.

Ілмектер: қазақ, кемшілік, мін, ауру Міржақып Дулатұлы

Білмеген мін емес, білместікке көнген мін.

Ілмектер: білу, білім, мін, нақыл, афоризм Асқар Сүлейменов

Асқар тау сенде бір мін бар-
Асу бермейсің;
Тасқын су, сенде бір мін бар-
өткел бермейсің;
Билер, сендерде бір мін бар-
Басқаға сөз бермейсің!

Ілмектер: мін, сөз, тау, су Әйтеке би

Бiлмеген мiн емес, бiлместiкке көнген мiн.

Ілмектер: білмеу, мін, білместік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шерхан Мұртаза

Өз топшылауым бойынша, адамның қай мінезі қасиетті болса, сол мінезі міні де болады.

Ілмектер: мін, мінез, қасиет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мұхтар Әуезов

Мөлшерден тыс көп берiлген дәрi емдеп жазбайтыны сияқты, әдiлдiк шеңберiнен шығып кеткен мiнеп-сынау да өз мақсатына жетпейдi.

Ілмектер: мөлшер, дәрі, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, әділдік, мақсат, мін, сын Артур Шопенгауэр

Өмірде мінсіз кісі болмайды. Қызға жігіт 100% жақсы боп ешқашанда кездеспейді. Жігітті 100% жақсы ететін əйел ғана. Сондықтан қыз балалардың дап-дайын күйеуге шыға қоямын деуі қиын. Ол жігіттердің де кінəсі емес. Олардың бұл істе тəжірибелері жоқ. Келіншекті қалай алу керектігін білсе де, онымен қалай өмір сүру керектігін білмейді. Оны жүре-жүре жігітке өмір үйретеді.

Ілмектер: өмір, жанұя, жігіт, үйлену, әйел, қыз, күйеу, мін, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Әзілхан Нұршайықов

Бір жақтылық — офицердің міні, кемшілігі.

Ілмектер: офицер, мін, кемшілік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Көзі жеткен шындыққа ара түспеу — кісілікке мін.
Шырылдап жатқан әлсізге ара түспеу — жігіттікке мін.
Үйретері жоқ болса — үлкендікке мін.
Кешірімі жоқтық — адамшылыққа мін.
Дана сөзін елемей шала сөзін демесе — елдікке мін.
Баласынан жерісе — аналыққа мін.
"Бақа бастысын" сыйламаса — әйелдікке мін.
Шаңырақ көтере алмаса — еркектікке мін.
Жасы жетпей марқайса — ұлға мін.
Жасы жетпей сарғайса — қызға мін.
Жерінен елі жерісе — патша міні.
Жұрты жалаңаш, өзі тоқ — әкім міні.

Ілмектер: мін, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, шындық, әлсіз, кешірім, дана, ана, бала, әкім, патша, ұл, қыз, сыйлау, еркек, әйел Сайын Назарбекұлы