Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (11) Өлеңдер (68) Мақал-мәтелдер (20) Ұлағатты сөздер (68) Әзіл, анекдоттар (1)

Заманы туған — гүл, заманы кеткен — күл.

Ілмектер: заман, гүл, күл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Қазақ халқының бір заманда өзінше бір шалқыған кезі де болған сияқты...

Ілмектер: қазақ, халық, заман, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабит Мүсірепов

Оразадан жан қиналмаған, тоқшылық заманнан қиналған. Себебі тоқшылық — ізгілікке де, зұлымдыққа да қуат берген.

Ілмектер: ораза, тоқшылық, заман, жан, ізгілік, зұлымдық, қуат Нарша Булгакбаев

Уақытты тоқтатар шамаң бар ма?
Бәрі өтеді: дәуірлер, замандар да.
Менің жаным ашиды мына өмірді,
Өтпейтіндей көретін адамдарға!

Ілмектер: уақыт, адам, Өмір, дәуір, заман Мұқағали Мақатаев

Өзгерген заман емес, адам санасы. Алайда адам санасын өзгерткен заман.

Ілмектер: Заман, адам, сана Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев

Заманның ақыры таянған кезде бүгін қуанған ертең жылайды, бүгін жылаған ертең қуанады, бүгін мұсылман болып ұйықтаған, ертең кәпір болып оянады, бүгін кәпір болып ұйықтаған, ертең мұсылман болып оянады. Екіжүзділік шегіне дейін жетеді. Мұсылман мұсылман еместен ерекшелігі байқалмай қалады. Міне, осындай заманға қарап, өзімнен қорқамын.

Ілмектер: Мұсылман, заман, қуаныш, жылау, ұйқы, кәпір, екіжүзділік, ерекшелік, қорқыныш Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев

Оразадан тән қиналса да, жан қиналмаған. Адам жаны тоқшылық заманнан қиналған. Себебі тоқшылық — ізгілікке де, зұлымдыққа да қуат берген. Рамазан айында зұлымдық өз қуатынан айырылады. Шайтан кісенделеді дейтіні сол себепті. Шын тыйылған (ас-саум) адамға уасуас әсер етпейді.

Ілмектер: Ораза, тән, жан, нәпсі, тоқшылық, заман, ізгілік, зұлымдық, қуат, Рамазан, шайтан, аштық Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев