Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (2) Өлеңдер (6) Мақал-мәтелдер (13) Ұлағатты сөздер (9)

Балаңның жығылғаны да, жылағаны да өзіне сабақ.

Ілмектер: бала, сабақ, жылау, жығылу Әзілхан Нұршайықов

Жылайын деген баланың
Үш күн бұрын көзі қышиды.

Ілмектер: жылау, бала, көз

Адам күліп тумайды, туа сала күлмейді.
Үйренеді күлуді, бірақ күліп өлмейді.
Адам жылап туады, жатады жұрт жұбатып,
Және жылап өледі, өзгені де жылатып.
Жылайтыны туарда – жамандар бар қинайтын,
Жылайтыны өлерде – жақсылар бар қимайтын.

Ілмектер: адам, жылау, жамандар, жақсылар Қадыр Мырза Әли

Күннің немесе түннің қай мезгілінде болса да, міндетті түрде төгілуге тиісті жастар болады. Сондықтан өз-өзіңізді іштей жей бермеңіз, жылап алыңыз. Жеңілдеп қаласыз.

Ілмектер: жылау, жеңілдеу Стивен Кинг

Мен туылған кезде қатты жыладым. Бірақ мен өмір сүріп келе жатқан әр күн маған не үшін жылағанымды түсіндірді.

Ілмектер: өмір, жылау Александр Куприн

Егер менің ішімді жарып өрсең, жылауыңды тоқтатып, шошыр едің.

Ілмектер: жылау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы

Келмейтұғын нәрсеге жаныңды қинап жылама.

Ілмектер: қиналу, жылау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Махамбет Өтемісұлы

Көздер сөйлей алады. Қуаныштан күле де, жылай да алады. Көздермен естен адастыруға да, жылата да аласың. Сөздермен алдауға болады, бірақ көзбен алдау мүмкін емес. Адамның көздерінде тылсым күш жатыр.

Ілмектер: көз, алдау, сөз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, қуаныш, жылау Омар Хайям

Заманның ақыры таянған кезде бүгін қуанған ертең жылайды, бүгін жылаған ертең қуанады, бүгін мұсылман болып ұйықтаған, ертең кәпір болып оянады, бүгін кәпір болып ұйықтаған, ертең мұсылман болып оянады. Екіжүзділік шегіне дейін жетеді. Мұсылман мұсылман еместен ерекшелігі байқалмай қалады. Міне, осындай заманға қарап, өзімнен қорқамын.

Ілмектер: Мұсылман, заман, қуаныш, жылау, ұйқы, кәпір, екіжүзділік, ерекшелік, қорқыныш Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев