Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (2) Өлеңдер (17) Мақал-мәтелдер (78) Ұлағатты сөздер (53)

Жұрттың өзi туралы не айтатынын естiген адам сабырлы бола алмайды.

Ілмектер: жұрт, сабыр, есту, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Лев Толстой

Жұрттың бәріне бірдей дос боламын дегендер ешкімге де дос бола алмайды.

Ілмектер: жұрт, дос, дос болу, Достық Омар Хайям

Өмір сахнасындағы патша, уәзір, қолбасы, әскер, қызметші және басқалар сыртқы ерекшелік жағынан ғана бір-бірінен өзгеше, ал, түрлі образдардың мәні бірдей: жұрттың бәрі әлденені аңсаған және өз тағдырынан алаңдаған актер.

Ілмектер: өмір, сахна, әскер, патша, қызметші, жұрт, тағдыр, алаңдау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Артур Шопенгауэр

Адамға ең қымбат нәрсе – жұрт қамы, жұрт ісі.

Ілмектер: адам, іс, жұрт Ахмет Байтұрсынұлы

Ханнан тақыт таярда - қараша жұртпен хас болар,
Байдан бақыт таярда — дәулетіне мас болар.
Кәріден абырой таярда — аңдығаны ас болар,
Жетесіз туған жігіттер — жиырма бесте жас болар.

Ілмектер: адам, өмір, абырой, кәрілік, бай, ас, тамақ, жұрт Шал Құлекеұлы

Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет еткін.

Ілмектер: ел, жұрт, қызмет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Олар шебер мақтауға да, даттауға,
Сөзі ыңғайлы жұрт жадына сақтауға.

Ілмектер: иақтау, даттау, жад, жұрт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Жұрттың бəрі — басқалардан бірдеңе талап еткіш: «Сен — міндеттісің» деген сөзді нық сеніммен айтады.

Ілмектер: жұрт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, міндет Освальд Шпенглер

Бірдеңе істегісі келген адам жұрт не дер екен деп бас ауыртып жатпайды: ойланбастан басын бəске тігеді.

Ілмектер: жұрт, адам, бәс, бас, ойлану Роберт Вальзер

Диктаторлар, негізінен қоғамның ең төменгі сатысында тұрғандар арасынан шығатындықтан, халыққа не қажет екенін жақсы біледі. Олардың өздерінің тілегін орындағандары халықтық да тілегін орындағандық болып шығады... Жұрт өзіне жағынғанды, кейде əкелік қамқорлық жасап, кейде қаталдық танытқанды ұнатады. Осы арқылы оларды соғысқа да іш тартатын етуге болады.

Ілмектер: Диктатор, қоғам, саты, халық, тілек, жұрт, қамқорлық, соғыс Роберт Вальзер

Бар нəрсені жəне жұрттың бəрін жақсы көру деген — кереғар һəм жалған талап, ол ең аяғында ешкімді де ұнатпайтын жағдайға алып келеді.

Ілмектер: жұрт, талап Пьер Тейяр де Шарден

Мен өлсем де өлемін жөнімменен,
Тәннен басқа немді алар өлім менен?!
Өлген күні апарып тығары – гөр,
Мен жоқ болам көміліп тәнімменен.
Тән көмілер, көмілмес еткем ісім,
Ойлайтындар мен емес бір күнгісін.
Жұрт ұқпаса ұқпасын жабықпаймын,
Ел бүгіншіл, менікі ертең үшін.

Ілмектер: өлім, жұрт, ел Ахмет Байтұрсынұлы