Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (1) Өлеңдер (2) Мақал-мәтелдер (18) Ұлағатты сөздер (18)

Абыройыңды жауып жүрудің өзі оңай шаруа емес!

Ілмектер: абырой, шаруа Қадыр Мырза Әли

Әрбір ер жүрек, әрбір шыншыл адам өз Отанына абырой әкеледі.

Ілмектер: ержүрек, шыншыл, отан, абырой Ромен Роллан

Кішіпейілдің - абыройы асар,
Тәкаппардың - құты қашар.

Ілмектер: кішіпейіл, абырой, тәкаппар, құт Иүгінеки Ахмед

Менің әр сәтсіздігімнен кейін абыройым асқақтай түспек.

Ілмектер: сәтсіздік, абырой Бернард Шоу

Скифтер үшін достыққа адал адамдарға құрмет көрсетуден асқан абырой жоқ.

Ілмектер: достық, адал, құрмет, скиф, абырой Тоқсары

Арақ - ақ, бірақ мұрынды қызартып, абыройыңды қарайтады.

Ілмектер: арақ, абырой Антон Чехов

Даңқ пен абырой кенелуімде мен бір адамға қарыздармын ол - ұстазым Аристотель.

Ілмектер: даңқ, абырой, ұстаз Александр Македонский

Басқаға жүк болған адам, айналасындағыларға төмен адам болып көрінеді және қадірі де қалмайды.

Ілмектер: жүк, адам, абырой, қадір Мауәрди

Абыройлы адам кімнің қасында тұрса да өзінің кім екенін естен шығармайды.

Ілмектер: абырой, адам Бальтасар Грасиан

Баланың жақсысы — әке мен шешенің ары, ата-ананың абыройы, жаманы — қайғысы, азап соры.

Ілмектер: бала, жақсы, ата-ана, шеше, әке, абырой, жаман, қайғы, азап, сор, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Василий Сухомлинский

Елдi билеуден адамның өзiн-өзi билеуi қиын. Жағдайы келгенде бақ көтерiп, таққа отыру бола бередi. Бiрақ соның буымен өзiн-өзi ұстай алмай, абыройын ашатындар көп.

Ілмектер: ел, билік, тақ, абырой, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, Абай Құнанбайұлы Абай Құнанбайұлы

Жеңген иттiң құйрығының қайқысы-ай
Артын ашып, абыройын жаппаған.

Ілмектер: жеңіс, ит, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, абырой Иран-Ғайып

Алжығанда келген атақ абырой әпермейді.

Ілмектер: атақ, өмір, абырой, кәрілік Бауыржан Момышұлы

Ханнан тақыт таярда - қараша жұртпен хас болар,
Байдан бақыт таярда — дәулетіне мас болар.
Кәріден абырой таярда — аңдығаны ас болар,
Жетесіз туған жігіттер — жиырма бесте жас болар.

Ілмектер: адам, өмір, абырой, кәрілік, бай, ас, тамақ, жұрт Шал Құлекеұлы

Абыройды, жоғары моральдық рухты сақтау жолында өз өмірін қиюға дейін баруға ниет ету — намыс деп аталады.

Ілмектер: намыс, абырой, моральдық рух, өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Мадақтаса — елге даңқың жайылар,
Егер сөксе — абыройдан айырар!

Ілмектер: мадақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, абырой Жүсіп Баласағұни

Тек адам болу «абыройсыздығынан» «өлмеген» кісі ғана адам болып өледі.

Ілмектер: адам, абырой Жорж Батай