Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (3) Өлеңдер (36) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (11) Ұлағатты сөздер (2)

Сәлемнің де сәті бар.

Ілмектер: сәлем, сәт

Адамына қарай сәлемі.

Ілмектер: адам, сәлем

Саңырауға сәлем берсең,
Атаңның басы дейді.

Ілмектер: саңырау, сәлем

Бір күн дәм татқанға, қырық күн сәлем.

Ілмектер: сәлем, дәм, салт-дәстур, әдет-ғұрып

Елде қырық кісі бар, сүйгеніңе сәлем бер.

Ілмектер: ел, кісі, сәлем, сәлем беру

Алдымен сәлем,
Содан кейін келең.

Ілмектер: сәлем, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Сәлем — сөздің анасы.

Ілмектер: сәлем, сөз, тіл

Сабағына қарай сәлемі.

Ілмектер: сәлем

Әдепшілік белгісі—
Иіліп сәлем бергені.
Жақындықтың белгісі—
Кешіктірмей келгені.

Ілмектер: әдеп, жақын, кешігу, сәлем

Әдептіліктің белгісі иіліп сәлем бергені,
Жақындықтың белгісі көп кешікпей келгені.

Ілмектер: әдеп, сәлем, туыс