Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (9) Мақал-мәтелдер (43) Ұлағатты сөздер (3)

Алған бір жазықты.
Алдырған екі жазықты.

Ілмектер: салт-дәстур, әдет-ғұрып

Ұсынған мойынды алмас кеспес.

Ілмектер: салт-дәстур, әдет-ғұрып

Жаңылмас жақ болмас,
Сүрінбес тұяқ болмас.

Ілмектер: салт-дәстур, әдет-ғұрып

Адасқанның айыбы жоқ,
Қайтып үйірін тапқан соң.

Ілмектер: адасу, салт-дәстур, әдет-ғұрып

Орамал тонға жарамаса да,
Жолға жарайды.

Ілмектер: салт-дәстур, әдет-ғұрып, орамал, тон

Ас көп болса, кәде көп.

Ілмектер: ас, кәде, тағам, салт-дәстур, әдет-ғұрып

Жігіттің бір жұрты нағашысы.

Ілмектер: жігіт, жұрт, нағашы, салт-дәстур, әдет-ғұрып

Бір күн дәм татқанға, қырық күн сәлем.

Ілмектер: сәлем, дәм, салт-дәстур, әдет-ғұрып

Қостың кішісі болғанша,
Иттің күшігі бол.

Ілмектер: салт-дәстур, әдет-ғұрып, ит

Қотыр қолға қола сақина.

Ілмектер: қотыр, қол, сақина, салт-дәстур, әдет-ғұрып

Ел-елдің заңы басқа,
Иті қара-қасқа.

Ілмектер: ел, заң, салт-дәстур, әдет-ғұрып

Жек көргеннің жұмысын, кетерінде сұра.
Жақсы көргеннің жұмысын, келгеніңде сұра.

Ілмектер: жек, көру, жақсы көру, жұмыс, салт-дәстур, әдет-ғұрып

Сақтағанын жесе, сағынғаны келер.

Ілмектер: салт-дәстур, әдет-ғұрып

Ескерген ескі асынан сақтайды.

Ілмектер: салт-дәстур, әдет-ғұрып, ас

Берген қолым алған.

Ілмектер: қол, беру, алу, салт-дәстур, әдет-ғұрып

Соймаса қан шықпайды,
Құр тілден май шықпайды.

Ілмектер: тіл, салт-дәстур, әдет-ғұрып, қан

Берместің асы піспес,
Қазаны оттан түспес.

Ілмектер: ас, қазан, салт-дәстур, әдет-ғұрып

Тойган тамақ түске жетпес,
Ықьшас естен кетпес.

Ілмектер: тамақ, ас, салт-дәстур, әдет-ғұрып

Барым әзір, жоғым жай.

Ілмектер: бар, жоқ, салт-дәстур, әдет-ғұрып

Амандық ағадан.

Ілмектер: амандық, аға, туыс, салт-дәстур, әдет-ғұрып