Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (2) Өлеңдер (4) Мақал-мәтелдер (13) Ұлағатты сөздер (5)

Адаспаймын деген ер,
Тал түсте жолдан адасады.

Ілмектер: ер, жол, адасу

Адасқан жігіт жол таппас.

Ілмектер: адасу, жол, жігіт

Адасқанның айыбы жоқ,
Қайтып үйірін тапқан соң.

Ілмектер: адасу, салт-дәстур, әдет-ғұрып

Адасқанның алды жоқ.

Ілмектер: адасу

Адасқанның алды өзінше жөн.

Ілмектер: адасу

Адасқанның артындағысы бiледi.
Жаңылғанның жанындағысы бiледi.

Ілмектер: адасу, жаңылу, білім

Алдыңғы көштің адасқанын,
Кейінгі көш біледі.

Ілмектер: адасу, қырғыз мақалы

Адаспаймын деген жігітті қараңғы түн адастырады.

Ілмектер: адасу, жігіт, түн, қараңғы

Адасқан қаздай, руым аздай.

Ілмектер: адасу, қаз, ру

Адасқанды сөкпеңіз,
Қайтып үйірін тапқан соң.
Ұрлағанды кешіңіз,
Тоғыз алып жапқан соң.

Ілмектер: адасу, ұрлық, кешіру

Адасқанның алдында еш нәрсе жоқ.

Ілмектер: адасу

Білгіші бар жаңылмас,
Жершілі бар адаспас.

Ілмектер: білгіш, жаңылу, адасу

Кім сұрайды, ол адаспайды.

Ілмектер: мысыр мақалы, сұрау, адасу