Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (48) Өлеңдер (46) Мақал-мәтелдер (50) Ұлағатты сөздер (10) Әзіл, анекдоттар (2)

Тойға барсаң, бұрын бар,
Бұрын барсаң, орын бар.

Ілмектер: той

Көңілдінің үйінде
Күнде мейрам, күнде той.

Ілмектер: той

Той — ақындікі,
Көкпар — батырдікі!

Ілмектер: той, ақын, сөз, тіл

Жол болмайды асусыз,
Той болмайды шашусыз.

Ілмектер: жол, той

Батыл жігіт жол бастар,
Ақын жігіт той бастар.

Ілмектер: жол, жігіт, той

Қойды серке бастайды,
Тойды ерке бастайды.

Ілмектер: төрт түлік мал, той

Көппен көрген — ұлы той.

Ілмектер: той, ел

Той өткен соң дағара,
Жау кеткен соң дабыра.

Ілмектер: той, жау

Түлкіні түлен түрткенде
Тойлы ауылға кездесер.

Ілмектер: той, ауыл

Шақырусыз тойға барғанша,
Қазусыз көрге бар.

Ілмектер: той, көр, салт-дәстур, әдет-ғұрып

Жақсы қатын үй дәулеті,
Жақсы шапан той дәулеті.

Ілмектер: шапан, үй, той, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Тойға барсаң тойып бар,
Торқа тоның киіп бар.

Ілмектер: той, тон

Той бар жерде –
Думан бар.

Ілмектер: той, думан, парсы мақалы

Басқаның тойы –
Аш қарын тойы.

Ілмектер: той, ауған елінің мақалы, ауған мақалы, аш, қарын

Тойға барсаң, тойып қайт.

Ілмектер: той

Ас – аттынікі,
Той – тондынікі.

Ілмектер: ас, той, қырғыз мақалы

Арақ ішкен тойда мас,
Ақылы жоқ — күнде мас.

Ілмектер: арақ, той, мастық, мас, ақыл, қырғыз мақалы

Жаманның тонын кисең,
Тойда даулайды.

Ілмектер: жаман, той, дау, тон, қырғыз мақалы

Айт аттынікі, той тондынікі.

Ілмектер: айт, той

Ақымаққа күнде той.

Ілмектер: ақымақ, той