Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақал-мәтелдер (507) Ұлағатты сөздер (3)

Ескі дос –
Ерттеуі ат.

Ілмектер: дос, ат, парсы мақалы

Ауылнаймен келісті,
Ауылын шауып бөлісті.

Ілмектер: ауыл, келісім, бөлісу, парсы мақалы

Етікшінің кебісі өкшесіз.

Ілмектер: етікші, парсы мақалы

Батырды жылан шақса,
Пақырды қоңыз тістейді.

Ілмектер: батыр, жылан, пақыр, қоңыз, парсы мақалы

Дұшпаныңның тұспалына сенбе.

Ілмектер: дұшпан, парсы мақалы

Бір жебемен қос нысана оққа ұшты.

Ілмектер: жебе, нысан, парсы мақалы

Пыш-пыштан іс артық.

Ілмектер: іс, парсы мақалы

Бос ыдыстың дыбысы жуан.

Ілмектер: ыдыс, дыбыс, парсы мақалы

Бота беріп, түйе қалады.

Ілмектер: бота, түйе, парсы мақалы

Не алданған жарымес –
Бөлуші басқа түк емес.

Ілмектер: алдану, парсы мақалы

Бұ жақтан қуылған
О жақта да ұрақтамас.

Ілмектер: парсы мақалы

Бұзықпен жүрсең,
Түзікпен жараспассың.

Ілмектер: бұзық, парсы мақалы

Тау толғатып,
Тышқан туды.

Ілмектер: тау, тышқан, парсы мақалы

Тауықтың жауы – қауырсыны.

Ілмектер: тауық, қауырсын, жау, парсы мақалы

Иірілген жібі іріп кетті.

Ілмектер: жіп, парсы мақалы

Арбауға көнбес әбжылан бар.

Ілмектер: арбау, парсы мақалы

Тауды да көрмейді,
Тауықты да көрмейді.

Ілмектер: тау, тауық, көрмеу, парсы мақалы

Дос жаңартқан күнде бір,
Дос таппайды бір де бір.

Ілмектер: дос, парсы мақалы

Кедейдің басына балта да өтпейді.

Ілмектер: кедей, балта, парсы мақалы

Келісіп алмай – шешпе,
Өлшеп алмай – кеспе.

Ілмектер: келісім, кесу, парсы мақалы