Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (7) Өлеңдер (15) Мақал-мәтелдер (29) Ұлағатты сөздер (5) Әзіл, анекдоттар (1)

Көршің қорқақ болса,
Үрейіңді ұшырып бітеді.

Ілмектер: көрші, қорқақ, қырғыз мақалы

Көшкен жұртыңның парқын
Қонған жұртыңда білерсің.

Ілмектер: көрші, жұрт, қырғыз мақалы

Алыстағының аты озғанша,
Қораластың тайы озсын.

Ілмектер: ат, тай, озу, көрші, қырғыз мақалы

Жаман ерге мал бітсе,
Жанына қоңсы қондырмас.

Ілмектер: жаман, ер, мал, көрші

Айырылмас қоңсыға ауыр сөз айтпа.

Ілмектер: көрші

Ақылды көршің — саяң,
Ақымақ көрші — шаян.

Ілмектер: көрші, ақылды, ақымақ

Ақылды көрші — төрің.
Ақымақ көрші — көрің.

Ілмектер: көрші, ақылды, ақымақ

Алыстағы туыстан, жақындағы көрші артық.

Ілмектер: туыс, көрші

Ауыл болсаң, қауым бол,
Көрші болсаң, тату бол.

Ілмектер: ауыл, қауым, көрші, тату