Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (19) Өлеңдер (61) Жоспарлар (6) Мақал-мәтелдер (189) Ұлағатты сөздер (44)

Екі батыр елде жатыр,
Жеке батыр - жерде жатыр.

Ілмектер: батыр, жер, ел

Ақыңды ер жемейді,
Екінші - жер жемейді.

Ілмектер: ақы, жер, ер

Жүрек қалаған жер — пейішің.

Ілмектер: жүрек, жер, пейіш, парсы мақалы

Ол жерде тышқан да таяқпен жүреді.

Ілмектер: жер, тышқан, парсы мақалы

Елдің көркі - ерімен,
Отан көркі - жерімен.

Ілмектер: ер, жер

Елдің елдігі ерінен танылар,
Елдің байлығы жерінен танылар.

Ілмектер: ел, байлық, жер

Алтын жерде жатпайды,
Жаман ұста суын таппайды.

Ілмектер: алтын, жер, ұста, жаман, өнер

Жұдырық жиналса,
Жұмыр жерді де жорғалатады.

Ілмектер: жұдырық, жер, ынтымақ, бірлік, парсы мақалы

Жер – төсек,
Аспан – көрпе.

Ілмектер: жер, аспан, төсек, көрпе, парсы мақалы

Жер тегіс болса,
Су сылдырап ақпас еді.

Ілмектер: жер, су, парсы мақалы

Жер тауымен салмақты,
Ел қауымымен салмақты.

Ілмектер: жер, ел

Қара жерден аппақ бидай өнеді.

Ілмектер: қара, ақ, бидай, жер

Жерде жатқан жұмыртқа,
Аспанда ұшар құс болар.

Ілмектер: жер, жұмыртқа, құс, аспан, қырғыз мақалы

Мазасыз жерден май түсер.

Ілмектер: жер, қырғыз мақалы

Ұялғаннан қара жер қақ жарылар.

Ілмектер: ұят, жер, қырғыз мақалы

Атың шықпаса жер өрте.

Ілмектер: жер, қырғыз мақалы

Атың барда жер таны,
Атаң барда ел таны.

Ілмектер: ат, жер, ел, тану, қырғыз мақалы

Жер құлағы жеті жат.

Ілмектер: жер

Желекті жерде шелек бар.

Ілмектер: шелек, жер

Ер еңбегін жер жұтпайды.

Ілмектер: ер, еңбек, жер