Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (2) Мақал-мәтелдер (107)

Бабын тапсаң — байлық жерде.
Береке, салтанат елде.

Ілмектер: жер, береке, егіншілік

Түйір нан —
Тамшы тер.

Ілмектер: еңбек, егіншілік

Орақшы — бір кісі,
Комбайн мың кісі.

Ілмектер: егіншілік

Ақылды елден сұра,
Дақылды жерден сұра.

Ілмектер: ақыл, дақыл, егіншілік

Сусыз жердің шөбі сұйық,
Суайт адамның сөзі сұйық.

Ілмектер: жер, егіншілік, адам

Қосты жеге білмеген
Тұқымды себе білмейді.

Ілмектер: егіншілік

Көктемеде жерге түскен бір дән.
Күзді күні мың дән болады.

Ілмектер: егіншілік, дән, көктем, күз

Диқан жерін анасындай сүйеді,
Жер диқанын баласындай сүйеді.

Ілмектер: егіншілік

Егін ексең, мол ек,
Толтыр қанар-қабыңды.
Арық қазсаң, кең қаз,
Қандырар бақша, бағыңды.

Ілмектер: егін, егіншілік

Жаз — береген,
Күз алаған.

Ілмектер: жыл мезгілдері, егіншілік

Жерге еткен жақсылық
Жерде қалмас.

Ілмектер: жер, егіншілік

Күріш,
Күріш суымен ырыс.

Ілмектер: егіншілік

Қара жер қарыз арқаламайды.

Ілмектер: егіншілік, қарыз

Егінші еселеп,
Кеусенші кеселеп алады.

Ілмектер: егінші, егіншілік

Диқан бабаның —
Кетпенінен.
Шопан атаның —
Таяғынан.

Ілмектер: егіншілік

Қос қадірін жеккен білер,
Жер қадірін еккен білер.

Ілмектер: егіншілік, жер

Етікшіні
Балға мен біз асырайды.
Егіншіні
Кетпеннің жүзі асырайды.

Ілмектер: егіншілік, егінші, етікші

Еріншек егіншіден
Елгезек масақшы озады.

Ілмектер: егіншілік, еріншек

Жер сәні — егін,
Ер сәні — білім.

Ілмектер: жер, ер, білім, егіншілік

Малшы елдің баласы
Құдық қазып ойнайды.
Егінші елдің баласы
Арық қазып ойнайды.

Ілмектер: егінші, малшы, егіншілік