Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (75) Өлеңдер (235) Жоспарлар (8) Мақал-мәтелдер (12) Ұлағатты сөздер (4)

Қысына қарай көктемі,
Диқанына қарай кетпені.

Ілмектер: көктем, диқан, егіншілік

Қысың қарлы болса —
Жер семіз.
Көктемің жаңбырлы болса —
Дән егіз.

Ілмектер: қыс, көктем, жер, егіншілік

Көктемеде жерге түскен бір дән.
Күзді күні мың дән болады.

Ілмектер: егіншілік, дән, көктем, күз

Көктемгі әрекет, күзгі берекет.

Ілмектер: көктем, берекет, күз, әрекет

Көктемгі жауын көп болса,
Көкпек шөбі мол болар.

Ілмектер: көктем, жауын, шөп

Бір гүл – көктем емес.

Ілмектер: гүл, көктем, парсы мақалы

Қыстағы алаудан
Көктемдегі шуақ артық.

Ілмектер: қыс, көктем, шуақ, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Бір гүл көктем жасай алмайды.

Ілмектер: гүл, көктем, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Күзгі мұздың айнадайынан қашпа,
Көктемгі мұздың айнадайын да баспа.

Ілмектер: күз, көктем, мұз

Қыс қарлата,
Дауылдата келсе,
Көктем көлдете,
Жауындата келеді.

Ілмектер: жыл мезгілдері, қыс, көктем

Көктемеде бір тойдым,
Көбік қарда бір тойдым.

Ілмектер: көктем

Бақыт көктемгі бұлт сияқты,
Ол көрген түстей, ұшқан құстай өте шығады.

Ілмектер: бақыт, көктем, бұлт, құс, түс