Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (12) Өлеңдер (9) Жоспарлар (2) Мақал-мәтелдер (70) Ұлағатты сөздер (19)

Бірлік, ынтымақ - байлық, бақ.

Ілмектер: Бірлік, ынтымақ, байлық, бақ

Бірлікті ел бұзылмас.

Ілмектер: бірлік, ел

Көп қолдаса жауды жеңеді.

Ілмектер: жау, ынтымақ, бірлік

Көп тепкен жерден көл шығады.

Ілмектер: ынтымақ, бірлік

Татулықта табыс мол.

Ілмектер: татулық, табыс, ынтымақ, бірлік

Жалғыздың күні шықпайды,
Жалғыз қарғаның үні шықпайды.

Ілмектер: жалғыз, қарға, ынтымақ, бірлік

Айырылсаң - азарсың,
Қосылсаң - озарсың.

Ілмектер: ынтымақ, бірлік

Көптен қашқан көмусіз қалар.

Ілмектер: ынтымақ, бірлік

Бас-басыңа би болсаң,
Мана тауға симассың.
Бір данаға жол берсең,
Жанған отқа күймессің.

Ілмектер: ынтымақ, бірлік, дана, от, тау

Жұдырық жиналса,
Жұмыр жерді де жорғалатады.

Ілмектер: жұдырық, жер, ынтымақ, бірлік, парсы мақалы

Тірлігің – бірлігің.

Ілмектер: тірлік, бірлік, қырғыз мақалы

Ел бірлігі – ел теңдігі.

Ілмектер: бірлік, теңдік, ел

Тобынан айрылған қазды,
Топталған қарға алады.

Ілмектер: бірлік

Теңге тиыннан,
Ынтымақ ұйымнан.

Ілмектер: ынтымақ, бірлік

Кеңесіп шешкен шешімнің кемісі болмас.

Ілмектер: бірлік

Тірлік, тірлік түбі – бірлік.

Ілмектер: бірлік

Сыртқы жаудан ішкі жау жаман.

Ілмектер: бірлік, ынтымақ

Ынтымақ - оқ өтпес сауыт,
Татулық - тамаша сауық.

Ілмектер: ынтымақ, сауыт, татулық, бірлік

Айрылыссаң - азарсың, қосылсаң - озарсың.

Ілмектер: бірлік, ынтымақ

Ерлік пен бірлік жеңіске жеткізеді.

Ілмектер: ерлік, бірлік, жеңіс