Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (3) Өлеңдер (20) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (54) Ұлағатты сөздер (76) Әзіл, анекдоттар (1)

Ерді намыс өлтірер,
Қоянды қамыс өлтірер.

Ілмектер: ерлік

Ерлік білекте емес, жүректе.

Ілмектер: ерлік

Жаныңды қинасаң,
Ерлік оңай.
Жақыныңа бұрмасаң,
Билік оңай.

Ілмектер: ерлік, туған, туыс, ағайын

Батылдықты айт, ерлікті айт
Батырлықты айт, бірлікті айт.

Ілмектер: бірлік, ерлік, батылдық

Ерлікте шек жоқ,
Жақсыда кек жоқ.

Ілмектер: ерлік

Сөзде тұру — ерлік,
Сөзді жұту — қорлық.

Ілмектер: сөз, ерлік

Ұранды ердің - ұрпағы қайсар.

Ілмектер: ер, ерлік, қайсар, ұран

Ерлік - елдің сыны.

Ілмектер: ерлік, сын, батырлық

Ерлік білектен емес, жүректен.

Ілмектер: ерлік, батырлық, жүрек

Қабырғалы қара нар,
Қабырғасын сөксе бақ етпес.

Ілмектер: нар, ерлік, батырлық

Сарымай сасымас,
Батыр саспас.

Ілмектер: батыр, сасқалақтау, ерлік

Ер өлсе де, аты өлмейді.

Ілмектер: ер, ерлік, батыр

Ер аруағы - қаруы.

Ілмектер: ер, батыр, ерлік, қару, қару-жарақ

Күшті кісі алып та жығады,
Шалып та жығады.

Ілмектер: кісі, ер, ерлік, алып

Айнымас жүрек, ер көңіл,
Ер жігіттің серігі.

Ілмектер: жүрек, ер, ерлік, батырлық

Алып - анадан, ат - биеден.

Ілмектер: ер, батыр, ерлік, ат, ана, бие

Жалынған қорған емес,
Жағалаған қорған.

Ілмектер: ер, ерлік, батырлық

"Әйт-шүу" деген атанға күш,
"Әуіп" деген жігітке күш.

Ілмектер: күш, ер, жігіт, ерлік, батырлық

Жауға жаныңды берсең де, сырыңды берме.

Ілмектер: жау, сыр, жан, ерлік, батырлық

Бөріден қорыққан орманға бармайды.

Ілмектер: бөрі, қорқақтық, орман, ер, ерлік, батырлық