Тәуелсіздік
Тәуелсіздік!
Мен сені,
Алатау шыңынан көрдім,
Желтоқсанда қара жамылған
Тәуелсіздік
Бабаларға арман болған азаттық,
Талай боздақ қыршыннан кеткен азаттық.
Елі менен жері үшін қан төгіп,
Тәуелсіздік! — Сен! —
Сағыныш ең сарғайтқан бала кезден!
Сен — Арман едің! —
Қорланғанда жас тамған қара көзден!
Суарылған аталар арманына,
Сан ғасырдың жаншылған салмағына —
Өліп-өшіп, қартайып, қайта туып,
Тәуелсіздік оралды ел маңына.
Тарихтың жолы-киесі сайын даланың,
Жігерін тіктеп,жайнатқан қыздың жанарын.
Арманы биік асқармен тұрған таласып,
Азаттық деген ақталған қаны бабаның.
Мен бақытты баламын,
Көгімде ашық аспаным.
Жасыл жайлау даламда,
Асыр салып ойнаймын.
Еліме бір өзгеріс кеп жатқандай,
Батса екен озбырлықтың күні ұзатпай!
Қазағым молшылыққа молықса екен,
Садақа беретұғын адам таппай...!
Қазақ халқы жетті өшпес арманға,
Тәуелсіздік алды міне, қараңдар!
Ыстық тер, қан аралас болғанмен,
Қара жер мен тасты сендер алмаңдар!
Тәуелсізбін, тәуелсізбін білемін,
Солғой менің бар арманым тілегім.
Көк туымыз желбіресін биікте,
Елім үшін мәңгі соғар жүрегім.
Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз,
Бірлік пенен қосылған қалың елміз.
Бір шаңырақ астында тату тәтті
Өмір сүру ең басты міндетіміз!
Тәуелсіз боп артты халқым сенімі,
Мұз боп қатқан қайғы-мұңым еріді.
Ақ шыңдары — тауларымның биіктеп,
Кең тыныстап Ұлы Далам кеңіді.
Тәуелсіз Қазақстан -мақтанышым,
Бермеген жастарым ар-намысын,
Тәуелсіздік үшін отқа түсті,
Ұмытпаймыз басқа түскен қайғысын.
Баяғы ауасы – әтір самалы ескен,
Балауса балғын шақты алам еске.
Құлпырған гүл бәйшешек арасында –
Нұр тұнған қасиетті далада өскем!
Тәуелсіздік — баға жетпес ұлы сый,
Тәуелділік — жатқа иілу құрысын.
Тамаша елде, тату-тәтті күн кешіп,
Тағдырыма шүкір айтам бүгін шын.
Жазықсыз жапа шекен арлан ерім,
Жаның - нәзік, намысты ақын едің.
Жиырма жаста ел үшін құрбан болып,
Қорқаулардың қолынан қаза болдың.
Қазақпыз біз, азиатпыз түркі тек,
Пырақ мініп, қымыз ішкен, туы — көк.
Қонақ келсе бар дәмдісін ұсынар,
Қолы ашық жомарт елміз, ас та төк!
Қазақтың бүгінгісі оңған бекен?
Алаштар армандаған күн қайда екен,.
Жиырмасыншы ғасырдың, нар ұлдары,
21-де былай деп айтпар ма екен:
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі