Өлең, жыр, ақындар

Тәуелсіздік

16-шы Желтоқсан,
Тәуелсіздік ұшқыны.
Ызғарлы да, аязды,
Желтоқсанның ызыңы.
Еркіндіктің ұраны
Тәуелсіздік нұр әні.
Ата-баба қорғаған,
Аға-әпке жол салған,
Тәуелсіздік нысанға
Алып келген бір арман.
Жетістіктер көп әлі,
Ең үлкені осы арман.
Мақсат, мүдде бір болған.
Сан ғасырлық ұрыста.
«Қазақ» аты тарихқа,
Кірді талай жылдарда,
Жәнібек, Керей бастаған,
Ауыл көшіп Шу жаққа.
Қазақ аты құрылды.
Сан мың жылдық тарихта,
Сақтадық біз қазақты,
91-дың соңына ..
Жалғасады бұл ұрпақ
Өмірдің бір соңына...
Тәуелсіздік бір келді,
Ғажап нәрсе мол келді!

Алматы облысы Қарасай ауданы Шалқар орта мектебі
11 «Ә» сынып оқушысы Ұлдана НУРАДИН



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз