Өлең, жыр, ақындар

Тәуелсіздік — арманы бар қазақтың

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 619
Суарылған аталар арманына,
Сан ғасырдың жаншылған салмағына —
Өліп-өшіп, қартайып, қайта туып,
Тәуелсіздік оралды ел маңына.
Не зұлматқа аталар төзе білді,
(О, Жаратқан! Бердің бе кезек енді!).
Ержеткізші, қарындас аялашы,
Бүгін туған өбектеп, бөбегіңді.
Ол — арманның үлкені, "кәрі кісі",
Тек Алладан басқаның бәрі кіші.
Атаң осы, сәлем бер басыңды иіп,
Сәл кенжелеу туғаны — тәңір ісі.
Ол — арманы бар қазақ ары бүтін,
Ол — мақсаты, жаңғылы, жарығы түн.
Азап ұмыт, ол жолда өлген шейіт,
Артады елің тек саған бар үмітін.
Еңбек етші, жолына — Тәуелсіздік!
Байлық жина, жолына — Тәуелсіздік!
Бірақ, бәрі босына — ең алдымен,
Рухыңды алмасаң — тәуелсіз ғып!

28.02.1993 ж.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Дәме

  • 0
  • 0

Кенже қалып бұл жарысқа қосылдым,
Сынап көрші, халқым, бағын осы ұлдың.
Мүмкін шауып бәйгі алармын жарыста,
Демігермін, ұзай алмай алысқа.

Толық

Адамдарға назам бар

  • 0
  • 0

Қабағандай арсылдаған адамдар,
Қыл-қыбырға қақалмаған қабандар,
Жоны қалың, жаны бітеу надандар,
Ар сатуға арланбаған жамандар,

Толық

Жанарыңды сатпашы

  • 0
  • 0

Танытады көп кісіні талтаңы,
Қастарында жандайшабы, жалтаңы.
Бәрі де бар, не іздейді ел кезіп,
Бай адамдар, бар адамдар — қалталы?

Толық

Қарап көріңіз