Наурыз
Ақыл-ойдың зерегінен жаралып,
Салт-дәстүрдің тереңінен нәр алып,
Наурыз келді! Наурыз келді, жарандар,
Бойға қанмен намыс болып таралып.
Сәні боп даламның,
Әні боп ғаламның,
Қарттың да, баланың,
Тойы боп ананың.
Табиғаттың гүл еркесі Көктем күнін өткерсін,
Сол гүл ерке атырапқа жақсылығын ап келсін!
Көктеміне ілесе анық Наурыз кірсе есіктен,
Сол Наурызбен айналаға нұрға толы бақ келсін!
Көтеріп моншақ аңғарда,
Көгілжім тартып тауларда,
Шалқытып сағым бауларда,
Наурызым келді бар маңға,
Алақай-ау, балалар,
Айналаға қараңдар:
Бұлттар төгіп көктен нұр,
Гүл тағынып көктем жүр.
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі