Өлең, жыр, ақындар

Наурыз

  • 28.11.2015
  • 0
  • 1
  • 11857
Ақыл-ойдың зерегінен жаралып,
Салт-дәстүрдің тереңінен нәр алып,
Наурыз келді! Наурыз келді, жарандар,
Бойға қанмен намыс болып таралып.
Кездер болды ел шаттығын бұқтырған...
Кездер болды жанарларға шық тұнған.
Сондадағы наурызкөже пісіріп,
Әр шаңырақ көңіл-күйін ұқтырған.
Қыс - кәрілік, көктем мына - жастығым,
Деп тұрғандай құшақты кең аш бүгін!
Наурызбенен бірге келіп қуаныш,
Қабағымнан қармен бірге қашты мұң.
Қатар келді жаңару мен жасару,
Төрлет, Наурыз, төңіректі жаса ду.
Қариялар бір серпіліп қалсыншы,
Табыссыншы бозбала мен жас ару.
Сыйлап бізге татулық пен тыныштық,
Наурыз келді! Жүрген жері ырыс-құт!
Бабалардың аманаты болған соң,
Наурыз менің жүрегіме тым ыстық!!!



Пікірлер (1)

Әбіләз

Өте керемет өлең екен

Пікір қалдырыңыз

Бір сәттік мойындау

  • 0
  • 0

Мұрат тұтып қасиетті өнерді,
Ақын достар мол бақытқа кенелді.
Бәзбіреулер маған сұрақ қойып жүр,
«Неге тастап кеттің, - деп, - бұл өлеңді».

Толық

Қос шумақ

  • 0
  • 0

Мерзімін уәделі істің кешіктіріп,
Мезгілсіз мазалама, есікті ұрып.
Айналса болмас па еді азаматтан,
Айтарын бір-ақ айтар, кесіп тұрып.

Толық

Ұнатам

  • 0
  • 0

Ізет қылып үлкенге тік тұрганды ұнатам.
Аз сөзбенен көп ойды ұқтырғанды ұнатам.
Сыр бүкпейтін досынан ашықтықты ұнатам,
Бәрінен де өмірге ғашықтықты ұнатам.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар