Өлең, жыр, ақындар

Наурыз

Шапағатты әсем нұрдың молығатын,
Тіршіліктің жанданатын толығатын.
Ізгі мінез, күш жігер көбейетін,
Жақын жандар бір бірімен жолығатын.
Өміріміз ажарланып жаңғыратын,
Пәк сәулемен атыратын таң қыратын.
Түн қысқарып, күн жарығы ұзаратын,
Бірлік отын тұтататын, жандыратын.
Пейілдерді жақсы жақа түзететін,
Жақсыларды жақсылыққа кез ететін.
Ақ көңіл өрістеніп кеңейетін,
Елімізді құт береке күзететін.
Наурыз мейрам келіп қалды даламызға,
Жүздеріне шуақ берді баламызға.
Барлығы жүрген кезде күліп ойнап,
Кеттік бізде қызықтардан қаламыз ба.



Пікірлер (1)

Ерхан

Наурыз құтты болсын!

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз