Өлең, жыр, ақындар

Жүрегімді айықпас

  • 04.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1172
Өтіпті тағы да бір тынышсыз күн,
Аспанын аяққа сап үмітсіздің.
Өлеңнің өрнегіне үңілемін,
Айта алмаймын деп тіптен жұмыссызбын.
Өтіпті тағы да бір аяулы күн,
Арқалап бір бейбақтың қаяу мұңын.
"Бақыттыны" мен әсте күндемеймін,
бақытсызға бір табан таяу жүрмін.
Аттанды тағы бір күн өрмен қарап,
Жолына аяулымдай қалғам қарап.
Кей күнім өтіп жатыр алауланып
Жүрегімді айықпас арманға орап.
Күндер өтер бірақ та санамаймын,
Бергені мен алғанын саралаймын.
Жоқ жерден қиянатқа жаным күйіп
Жүрегімді абайсыз жаралаймын.
* * *
Самал есті ызғырық,
Аспанның түсі бұзылып,
Қанатын нұрға жүздіріп,
Тырналар ұшты тізіліп.
Төбемнен өтті зуылдап,
Екпінді әні еңсеріп.
Жапырақтар қалды шуылдап,
Ақ қайың үнсіз теңселіп.
Өткенде олар қиқулап,
Бір жылым тағы озғандай,
Кеткендей мені сиқырлап,
Орнымда тұрмын қозғалмай.
Ей, жас күндер дәурені,
Қарайсың қайда елеңдеп.
Ұзаған құстар үндері,
Құйылады өлең боп.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

"Қарағым-ай"

  • 0
  • 0

Мынау жатқан жасыл сай Берікқара,
Жолаушым, жанап өтпей келіп қара.
Сылдыр өзен, сұлу шың қиясында,
Ойнақтайды тым ерке елік қана.

Толық

Өтеді ғой бұл дәурен

  • 0
  • 0

Өтеді ғой бұл дәурен,
Әркімнің–ақ басынан.
Қайғысыздан —
Көңілі судай тасыған,

Толық

Көгершіндер

  • 0
  • 0

Көгершіндер, көзіме ыстық көрінген,
Келдіңдер ме, менің шалғай жерімнен?
Келдіңдер ме, шын сезіммен берілген,
Көкірегіңнен өнің ыстық төгілген,

Толық

Қарап көріңіз