Шүкірлік
Тәубесіне келетін уақытында,
Өмір дертін түсінген адамдар бар.
Тең ұстаған сыны мен бақытында,
Сол тағдырда сүрінбес қадамдар бар.
Шүкірлікпен жеңеміз біз әрбір істі,
Қандай қамал болса да қарымы күшті.
Ақылменен жеңдірер қиындықты,
Қанша қарап тұрса да тағдыр сұсты.
Шүкірлік серік болар әр адамға,
Берекемен басталатын бар қадамға.
Шүкір етсек ағайын, ықыласпен,
Ісің оңға басады бұл жалғанда.
- Габриэль Гарсиа Маркес
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі