Өлең, жыр, ақындар

Өтеді ғой бұл дәурен

  • 17.08.2018
  • 0
  • 0
  • 1900
Өтеді ғой бұл дәурен,
Әркімнің–ақ басынан.
Қайғысыздан —
Көңілі судай тасыған,
Қасіреттіден —
Жігері құмдай жасыған.
Өтеді ғой бұл дәурен,
Ойламайсың неліктен.
Масаңдардан —
Махаббатқа желіккен,
Сұлулардан —
Аумайтын ерке еліктен.
Өтеді ғой бұл дәурен,
Жалынып оған неғылам.
Ақкөңілдер —
Жарылып өтер ағынан,
Қаскөйлер —
Түңілдіріп жанынан.
Өтеді ғой бұл дәурен,
Кейде бір ауыр зар ұрам.
Табынам — махаббатқа,
Таймайтын әсте тағынан,
Құштармын —
Бұлбұлға ұшпайтын қонған
бағынан.
Өтеді ғой бұл дәурен,
Тия алмай сыңғыр күлкісін.
Алдыңнан —
Бұлаңдатып айлакер түлкісін,
Адамдар —
Әлде неше өзгертіп түр-түсін.
Өтеді ғой бұл дәурен,
Тия алмай сыңғыр күлкісін...
* * *
Жан құрбым-ау,
Өзің қандай назды едің,
Жылытады, арайланған жаз лебін.
Татып жүрміз бұл өмірде қызықтың,
Қасіреттің де аз, көбін.
Әйтеуір өзің —
Жақсылыққа жаршысың,
Дарытпайсың жанға
Тағдыр қамшысын.
Бір жымиған күлкің менен
Жүректен
Жібітесің уайымның тамшысын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Солдат биі

  • 0
  • 0

Қандай әсем айлы, жарық,
Самал ескен жазғы таң.
Ерке қызды еске салып
Күлімдейді ақ шолпан.

Толық

Сайрам

  • 0
  • 0

Асығып бұлттар жөңкіді,
Көтеріліп құздардан.
Төменде Сайрам мөңкіді,
Соғылып, қайтып тік жардан.

Толық

Күз болып қалған ба?

  • 0
  • 0

Емхана....
Жатырмын күн санап,
Жүдетті тұман ой тұмшалап.
Қамайды қайдағы үрейлер,

Толық

Қарап көріңіз