Өлең, жыр, ақындар

Дәужан ойлары

  • 23.03.2019
  • 0
  • 0
  • 906
− Біздің Жәмен пысық қой,
Біздің Жәмен шебер - ау,
Жамағаны жаңадай,
Мұнысы да өнер - ау!
Жуған кірі шатырдай.
Аппақ бола қалады,
Жым-жырт қана отырмай,
Жайлап ән де салады... –
Деп бір ойлап қояды
Кейде Дәужан ішінен.
Жамалына ұнайды
Өзі де еткен ісімен.
Жері қандай баптаулы,
Біте қалды еккені,
Атып қолмен атпаны
Судан кенде етпеді.
Ақ тауықтар көбейді
Үй маңында жайылған,
Әтеш қандай көмейлі
Әнін әсем қайырған!
Қызыл сиыр кемедей,
Сүтті қандай береді!
Жануардың желіні
Жерді сызып келеді.
Жатар бір күн тартылып
Қозының да көгені.
Бірақ басқа Дәужанның
Көрсем екен дегені.
Көрсей дейді үйімде
Тербелгенін бесіктің. –
Нәрестенің үнін де
Келеді ерте есіткім.
Жасар едім жақсы той,
Шақырар ем Ленинді,
Нәрестемнің атын қой,
Көр дер едім жерімді.
Әттең, қолы тимейді - ау
Біздің тойға келуге,
Құрдасының үйінде
Алар еді-ау демін де...

1960



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мен қалайша қарасудай тынармын

  • 0
  • 0

Жүрегім әлі ұрып тұрса,
Қаным әлі жүріп тұрса
Қара судай тына қалу оңай ма,
Оны қалай дей қоярмын қолайлы?

Толық

З. С. Кедринаға

  • 0
  • 0

Тап кеше ғана саналушы едік жасқа біз,
Әлі өшкен жоқ қой сондағы біздің басқан із.
Шуылдап келдік сыбаға сұрап өмірден,
Тап болмасақ та дап-дайын тұрған асқа біз.

Толық

Москва, саған

  • 0
  • 0

Москва, саған, саған, сүйікті астанам
Арнадық біз жалынды жыр мен әндерді.
Әніміз қандай асқақтата бастаған –
Аспандай биік, океандай терең, пәрменді.

Толық

Қарап көріңіз