Өлең, жыр, ақындар

Москва, саған

  • 23.03.2019
  • 0
  • 0
  • 913
Москва, саған, саған, сүйікті астанам
Арнадық біз жалынды жыр мен әндерді.
Әніміз қандай асқақтата бастаған –
Аспандай биік, океандай терең, пәрменді.
Әр сөзінде арналған саған жырлардың
Әжелердің аналық махаббаты бар.
Бейкүнә, балғын, ғажайып ұл мен қыздардың
Көктемнен көркем балалық махаббаты бар.
Тас жарылар, темір де тозар уақыттан,
Таулар күйрер, теңіздер суы тартылар.
Тозбайды жалғыз арналған саған махаббат,
Тартылмас ол, жыл асқан сайын артылар.
Күн қуатты, атом да күндей қуатты,
Кемітер оны, танымас оны біз емес.
Олар да бірақ махаббаттан туатын
Ең құдіретті достыққа біздің тең емес!
Тағдырмыз бір бесікте тербелген,
Аталардың қабырын да бірге қазғанбыз.
Қырық жыл бұрын бірліктің антын өзгермес
Зор майданда қып-қызыл қанмен жазғанбыз.
Москва, саған, саған сүйікті астанам
Арнадық біз жалынды жыр мен әндерді.
Әніміз қандай атымен Ленин бастаған –
Аспандай биік, океандай терең, пәрменді.

1957



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Арман

  • 0
  • 0

Айсыз түн, тынық алаңсыз аспан,
Тартады күңгірт қалғыған орман.
Сездірмей жанға аяғын басқан
Келеді жым-жырт ақсағыш арман.

Толық

Теңізде

  • 0
  • 0

Теңіз, теңіз, көк те теңіз, жер теңіз...,
Толқындармен бірге ойнаған еркеміз.
Арасында ала - сапыран нөсердің
Әләуләйлап әнді де еркін шертеміз.

Толық

Дәужаннан Ленинге хат

  • 0
  • 0

Жолдас Ленин екеуміз
Түйдей құрдас екенбіз.
Өмір болса екеуміз
Жүзге бірдей жетерміз.

Толық

Қарап көріңіз