Өлең, жыр, ақындар

З. С. Кедринаға

  • 22.03.2019
  • 0
  • 0
  • 944
Тап кеше ғана саналушы едік жасқа біз,
Әлі өшкен жоқ қой сондағы біздің басқан із.
Шуылдап келдік сыбаға сұрап өмірден,
Тап болмасақ та дап-дайын тұрған асқа біз.
Шуылдап келдік.
Жас болып келдік өмірге.
Зәредей арам дағымыз жоқ-ты көңілде.
Бір ғажап сенім серігің еді сенің де,
Сол ғажап сенім - серігім болды менің де.
Ей, жолдас, деуші ек –
Ең жақсы көрген адамға,
Айрылмас дос боп кететін едік табанда.
Ең жақсы жолдас болған соң серік саған да,
Сол жақсы жолдас серік боп кетті маған да.
Есіңде бар ма, Тайырмен қалай таныстық?
«Жолдаспыз» дедік,
Айрылмастай боп табыстық.
Бір үзім нанды бөліп жей бердік үшеулеп,
Ашыға қалсақ көрмедік оны намыс қып.
Бір шырақтың - ақ жарығы бізге жететін,
Сол шырақпен - ақ жарқырап әр түн өтетін.
Сондағы қатар отырып жазған жырымыз
Барлық достарға жарысып қатар кететін.
Есіңде бар ғой - Мұқаңменен таныстық?
«Жолдаспыз» дедік, айрылмастай боп табыстық.
Мен іні болдым, сен қарындас болдың ағаға
Айырмақ бізді болғандарменен шабыстық.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Африкада

  • 0
  • 0

− Көк қожасы - империя,
Жер қожасы - империя - Англия!
Англия!
Ағыттық біз линкорларды якорьдан,

Толық

Бектенбайға

  • 0
  • 0

Жас едің, айналдың - ау қартымызға,
Жатыр ғой жылдар талай артымызда.
Бір кезде қызу думан жұрт едік біз,
Қалмапты – ау бүгін содан жартымыз да.

Толық

Базына

  • 0
  • 0

Ашпын, аға, келем жеуге асыңды,
Арнап соған қайрап келем тісімді.
Араным да айдаһардай ашулы,
Зәрін төгіп, жандырып тұр ішімді.

Толық

Қарап көріңіз