Өлең, жыр, ақындар

Базына

  • 21.03.2019
  • 0
  • 0
  • 1999
Ашпын, аға, келем жеуге асыңды,
Арнап соған қайрап келем тісімді.
Араным да айдаһардай ашулы,
Зәрін төгіп, жандырып тұр ішімді.
Толсын қазан қазы менен қартаға,
Күтсін жеңгем жегіш аузын қайнының.
Тартсын әкеп астауменен ортаға,
Керегі не ет үнемдеп баюдың!
Ой, жейінші Еттен кегімді алайын,
Көрсетейін ашқарақтың ерлігін.
Тым болмаса ет толтырсын ағаның
Маған деген мейрімінің кемдігін.
Мәз бол, аға, «жалған сыйлап ұттым» деп,
Мен де алданып сенген болып қалайын.
«Достықтары неткен мұнша мықты!» - деп
Айтып жүрсін қызықтағыш ағайын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Стамбул түндері

  • 0
  • 0

Айтылды азан, кешкі намаз басталды,
Еңкейтті ауыр ақ сәлделер бастарды.
Қол кеудеде, бет құбылада,
Тіл - ағузы, бісмеллада

Толық

Күш

  • 0
  • 0

Не деген сұмдық сұрапыл күші ғаламның,
Жігерге біздің толтырған мына даланы.
Көріңдер, әне аждаһа дауыл ышқынған,
Дөңбектей тасты қаңбақтай қуып барады.

Толық

Кімді сүйем

  • 0
  • 0

Сүймеймін сұйықтарды кердеңдеген,
Өзіне өзге жұртты тең көрмеген.
Жүрсе де сымбаттымсып, қымбаттымсып,
Есітемін ішкі айқайын «Мен! Мен!» деген.

Толық

Қарап көріңіз