Өлең, жыр, ақындар

Бектенбайға

  • 22.03.2019
  • 0
  • 0
  • 1486
Жас едің, айналдың - ау қартымызға,
Жатыр ғой жылдар талай артымызда.
Бір кезде қызу думан жұрт едік біз,
Қалмапты – ау бүгін содан жартымыз да.
Аспай – ақ аттымыз да, даңқымыз да,
Сонда да ұнап едік халқымызға.
Бүгінге бүлінбестен жеттік аман,
Бұрынғы бүкпесі жоқ қалпымызда.
Жүрдік біз кеш оралып, ерте кетіп,
Көрген жоқ ешкім бізді еркелетіп.
Өмірден өрге тартқан айналайын,
Өсірген өрттен қорықпас еркек етіп.
Біреулер кердеңдейді өлмейтіндей,
Өмірлік жанған оты сөнбейтіндей.
Тойған соң секіреді, лепіреді.
Сыр суы сирағынан келмейтіндей.
Сөйлейді батырымсып көнбейтіндей,
Өзгеге сөз кезегін бермейтіндей.
Болар деп обал, ұят қымсынбайды,
Қисығын құдай өзі жөндейтіндей.
Бектенбай, айналдың - ау қартымызға,
Қалыпты - ау жылдар талай артымызда.
Жетейік ертеңге де қол ұстасып
Бұрынғы сүттей таза қалпымызда.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әзіл-сықақ

  • 0
  • 0

Көзінен күлкі өшпейтін,
Өнер мен ойы өспейтін –
Осы бір ағаң – ағаң - ақ
Сенен артқан досы жоқ,

Толық

Ақ тілек

  • 0
  • 0

Мен бүгін аппақ шашы бар
Әбділда деген атамын.
Күн сайын, саған, Отаным
Ақ тілеу тілеп жатамын.

Толық

Әке жыры

  • 0
  • 0

Көз тоқтатып бірінші рет
Қарады да ұлым маған,
Әнтек қана күлімсіреп,
Созып қалды қолын маған.

Толық

Қарап көріңіз